Атырау, 30 қараша 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Армяндар Таулы Қарабахқа қатысты тағы алаңдауда

1 734 просмотра


Әзірбайжан әскері Армениямен шекаралас аймақта әскери қимылдар жасап, стратегиялық маңызы бар бірқатар таулы жерлерді басып алды, деп хабарлайды Haqqin.az агенттігі. 

Әзірбайжанның Нахчыван қаласындағы жалпы әскери армиясының арнайы жасақтары бейтарап аймақты бойлай жылжып, Гызылгай және Шарар аудандарымен қоса, бірқатар аймақтарды босатқан. 

Әзірбайжан тарапының осы позициясы Армения үкіметінің алаңдаушылығын тудырса керек. Әзірбайжандардың осы әрекеттерінің нәтижесінде 1992 жылдан бері армяндық әскерлер тарапынан бақылауға алынған Гуннут ауылы қауіптен сейілген. 

Одан бөлек, әзірбайжандықтар Ереван-Горис-Лачин жолдарын бақылауға алу мүмкіндігіне ие болды. Таулы Қарабах дауы өршіп тұрған  қазіргідей сәтте бұл армяндар жағының алаңдаушылықтарын оятуда. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

2 маусым 2018, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.