Атырау, 30 қараша 05:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Меркель: АҚШ-тың металл импорты салығына қатысты қарымтамыз бар

2 105 просмотра


Еуроодақтың АҚШ-тың шеттен әкелінетін болат пен аллюминийге салынатын импорттық баж салығына қатысты өз жауабы бар. Бұл жайында Германия канцлері Ангела Меркель Португалия премьер-министрімен Лиссабонда өткен кездесуінде мәлімдеді.

Алайда АҚШ-тың бұл әрекетіне нақты қандай шара қолданылатыны айтылмады. Сонымен қатар Германия канцлері  Ақ Үй басшысының бұл жарлығы Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне қарама-қайшы екенін еске салды.

Айта кетейік, 23 наурызда АҚШ шеттен әкелінетін болатқа салынатын импорттық баж салығы 25 пайыз, ал алюминий үшін 10 пайызды құрайтынын мәлімдеген болатын. Президенттің шешімін қолдамай жатқандар баршылық. Алайда кей мемлекеттер бұл салықтан 1 маусымға дейін босатылды.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Тарифтерге қатысты нақты шешімге келген жоқпыз. Алайда АҚШ-тың қолдан жасап отырған шектеуері Дүниежүзілік сауда ұйымы қағидаттарына қарама-қайшы. Софияда өткен соңғы кездесуде тарифтерден босағымыз келетінін ашық айтқан едік. Керек болса, осы мәселені шешу үшін арнайы келіссөздер жүргізуге дайын екенімізді жеткізгенбіз. Егер біздің талаптарға байланысты ешқандай өзгеріс енгізілмесе, біз жақтан да бір жақты жауап болатынын ескертеміз.

Дереккөз: 24.kz

1 маусым 2018, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.