Атырау, 30 қараша 04:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Грузиялықтар үкіметтің кетуін талап етіп, наразылыққа шықты

1 972 просмотра


Кеше, 31 мамыр күні Грузияның астанасы Тбилисиде мыңдаған адамнан құралған наразылық шарасы өтті. Наразылық шарасына шығушылардың басты талаптары — үкіметтің кетуі. 

Наразылыққа шығушылардың бұл әрекеттеріне 2017 жылғы төбелес кезінде жас жігіттің өлтірілуі себеп болған, деп хабарлайды Грузияның «apsny.ge» агенттігі. Митингке қатысушылар тергеу қорытындыларына наразы, сонымен қатар олар ел президенті Георгий Маргвелашвилиді қатарларына қосылуға шақырды. Наразылық шарасына бірнеше миллион адам қатысты. 

Еске салайық, 12 мамырда Грузияның тәртіп сақшылары Тбилисидің ең танымал екі түнгі клубында ауқымды операция жүргізген еді. Операция нәтижесінде есірткі саудасына қатысы бар сегіз адам тұтқындалған. 

Аталған арнайы операция қала көшелерінде тәртіпсіздік жасаушыларды одан сайын арандатып, наразы қалалықтар парламент ғимаратына жиналған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

1 маусым 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.