Атырау, 16 желтоқсан 17:00
 ашықВ Атырау -8
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Тегеран АҚШ санкцияларын айналып өтпек

1 881 рет қаралды


Иран үкіметі АҚШ-тың санкцияларын айналып өту үшін бірнеше елмен келіссөз жүргізуді бастады. Бұл туралы Иран үкіметінің өкілі Мохаммад Багер Нобахт хабарлады. 

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп ядролық келісімнен шыққаннан кейін бұл елге санкция жариялайтынын айтқан еді. Нобахттың айтуынша, қазір Иран Еуроодақ елдерімен қатар көршілес мемлекеттермен де тығыз қарым-қатынас орнатып жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамыр күні Вашингтонның Иран келісімінен шығатынын мәлімдеді. Бұл құжатқа 2015 жылы Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Германия елдері қол қойған. Ал Иран өз кезеңінде АҚШ-тың бұл қадамын заңсыз деп танып отыр. 

Дереккөз: 24.kz

31 мамыр 2018, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.