AZATTYQ.ORG. «Қытайлық қазақ студенттерінің қарызын өтеуге әкім уәде берді» - "Шыңжаңдағы жаппай қамау мен саяси тәрбие орталықтарына жабу науқаны" салдарынан ондағы үй-ішімен хабарласа алмай, қаражатсыз қалған Атырау мұнай және газ университетінде оқитын Қытайдан келген этникалық қазақ студенттеріне оқу ақысына жеңілдік жасап, жатақхана пұлын төлеуге жәрдемдесуге Атырау облыс әкімі Нұрлан Ноғаев уәде берді.
«Өтпеген "митинг" үшін қамауға алып, полицияға шақыртты» - Астана соты әлі өтпеген митинг үшін екі белсендіні "бейбіт жиын, шеру өткізу және ұйымдастыру" туралы заң талабын бұзды деп танып, әкімшілік қамауға алды. Тағы үш белсендіні полицияға шақыртқан. Белсенділер осыдан бір апта бұрын "жер мәселесі" туралы қарсылық акциясын өткізуге биліктен рұқсат сұрап өтініш берген.
«Парламент экс-президенттерді тиіспеу кепілдігінен айыруды қолдады» - Қырғызстан парламенті экс-президенттерді тиіспеу кепілдігінен айыру мүмкіндігін қарастыру үшін "Президент қызметіне кепілдіктер беру туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы ұсынысты көпшілік дауыспен қолдады. Бұл бастама қазіргі мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков пен экс-президент Алмазбек Атамбаевтың арасындағы қарым-қатынасты қоғам қызу талқылап жатқан кезде көтерілген.
«Қытайдың "саяси қайта тәрбиелеуін" көргендер» - Батыс баспасөзі осы аптада Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын әрі ішінде бірнеше қазақстандық бар "мұсылмандардың санасын тазартуға арналған лагерьлер" туралы мақалалар жариялады. Бұған қоса, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын ІРО-ға шығару жоспары мен Қарашығанақ кенішіне қатысты даудың реттелуі мүмкін екені туралы жазған.
«Болашақ психиатрлар лесбиден нені сұрады?» - Мамырдың 17-сі – халықаралық гомофобиямен күрес күні. 1990 жылы осы күні гомосексуалдылықты дерт түрлерінің әлемдік классификациялық тізімінен алып тастаған. Ресей қоғамында гомосексуалдарды жазғыратын көзқарас қалыптасқан. Ғалымдар мен дәрігерлер гомосексуалдылықты психиканың ауытқуы деп санамайды.
«Жаңа биліктің "құшағында" тұншығу» - Қырым аннексиясынан кейін Ресей билігі түбектегі қоғамдық шараларды да бақылауға бірден кірісіп кеткен болатын. Мысалы, мамырдың 18-і күні акция өткізуге тыйым салған. Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын дәл осы күні еске алатын. Түбек Украина құрамында болған кезде Қырым татарларының көпшілік шараларын мемлекет "қамқорлығынсыз" өткізу мүмкіндігі бар еді. Ал Ресей оккупациясынан кейін жаппай бақылау орнаған.
ZHASALASH.KZ. «Молаға миллиондарды жұмсауға тыйым салынды» - Енді Көкшетауда қайтыс болған адамды жерлегенде оның басына биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынады. Өткен жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы осындай шешімге келіп, жаназа және жерлеу рәсімдері атты кітап шығарған. Онда көрсетілген жаңашылдықтарды алғашқылардың бірі болып, көкшетаулық имамдар мен қоғам өкілдері қолдап отыр.
«Шыңжаңдағы мұсылмандар Қытай шенеуніктерін үйлеріне қондыруға мәжбүр» - Қытай шенеуніктері 2018 жылдың басынан бері Шыңжаңдағы мұсылман отбасыларын қатаң бақылауға алу үшін олардың үйлеріне түнеп жүр. Бұл туралы Нью-Йоркте орналасқан Human Rights Watch халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы хабарлады. Ұйым мәліметінше, Қытай билігі бұл бастаманы Шыңжаңдағы аз ұлттарға соққы беру бағдарламасы аясында іске асыруда.
INFORMBURO.KZ. «Астана экономикалық форумының алғашқы күні. Қазақстан дамыған 30 ел қатарына қашан кіреді?» - АЭФ – 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан ТМД елдері арасындағы ықпалы жоғары аймақтық форум. Ал Қазақстан оның құрылтайшысы болудан не ұтты?
365INFO.KZ. «Өзбек кімді таңдайды: АҚШ-ты ма, Қытайды ма?» - Орталық Азияға ұмтылған Қытай алдына қандай мақсаттар қойып отыр? Осы аймақтағы мүдделерін әлемдік державалардың бірегейі АҚШ-пен бәсекеге түскен Шығыс Айдаһары атанған Қытай қалай қорғамақ? Осы мәселелер төңірегіндегі мәселелер бойынша көкейге түйген ойларын Санкт-Петербург мемлекеттік университеті америкалық зерттеулер кафедрасының доценті Николай Федоров ортаға салды.
«Зұлмат еді: қазақ жерінде адамның етi пұттап сатылған…» - Бүгінде иісі қазақ 30-40 миллионға жетіп, өз жерінде мейманасы тасып отырар ма еді, амал қанша? Егер сол тұстағы қазақтың жартысынан көбін аштық қырып кетпегенде…
«”Ондайларды намыссыз дейді!..”. Жүрсін Ерман эфирде қатты кетті» - Ұлттық өнер — Айтысты дәріптеуші Жүрсін Ерманның „Қазақстан„ ұлттық телеарнасына өкпесі қара қазандай. Өйткені теледидардан беріліп жатқан айтыстың деңгейі мен мәз-мазмұны нақты өткен айтыстан әлдеқайда алшақ екен.
«Тәжік Таулы Бадахшанды берді. Қытайдың қармағына ілінген қырғыз енді не істемек?» - 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қырғыз Республикасының China Exim Bank алдындағы сыртқы қарызы 1,7 млрд доллардан астам соманы құрады. Ал экономистердің айтуынша, қытай несиелеріндегі жемқорлық былықтар Аспанасты елі инвесторларының абыройын айрандай төгуі мүмкін.