AZATTYQ.ORG. «"Түрме әкімшілігін айыптаған" тұтқын өлі табылған» - Өзбекстандық Руслан Атажанов Атырауда жазасын өтеп жатқан мекемеде белгісіз жағдайда қаза болды. Туыстары оның түрме әкімшілігін "қысым жасады" деп айыптап, "ажалыма солар себепкер болады" деген мәлімдемесі жазылған видео жолдап үлгергенін айтады. Билік орындары тұтқын өлімінің себебін тексеріп жатқанын хабарлады.
«Айнуддин Муради: “Ауған қазағы атамекенге қайтқысы келеді”» - Ауғанстанның Құндыз уәлаяты Имам-Сахиб ауданында туып-өскен Айнуддин Муради былтыр күзде Қарағанды политехникалық университетінің дайындық курсына түскен. Айнуддин Азаттыққа берген сұхбатында Ауғанстандағы қазақтардың атамекенге оралғысы келетінін айтты.
«Наразылық шарасынан кейін қанша адам жазаланды?» - Азаттықта бар ақпарат бойынша, Алматыда наразылық жиынына шыққаны үшін Әкімшілік кодекстің 488-бабы (бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу) бойынша он адам жауапкершілікке тартылды.
ABAI.KZ. «Абайды сүмірейтіп, Шәкәрім, Қажымұқандарды ұмытып кеткен "Қазақстан тарихы" кітабында Ким Ман Сам не істеп жүр?» - 2015 жылы 11 желтоқсанда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің кеңейтілген мәжілісінде 117 жоғарғы оқу орындарының ректорлары «Қазақстан тарихы» пәнін «Қазіргі Қазақстан тарихы» пәнімен ауыстыруды бірауыздан қолдапты. «Қазіргі Қазақстан тарихы» бұл «жаңа пән» 1991 жылдан, яғни тек Тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытты ғана қамтиды. Сонда мұқым бір халықтың тарихын тереңдетіп оқытуға қарсы болған ректорлар жастардың мемлекетшіл болып өсуіне кедергі жасап, оларды отан сүйгіштік сезімге тәрбиелейтін негізгі пән – «Қазақстан тарихын» оқыту қажет емес деген опасыз ұлттық кодтың келешегіне зиянды шешім шығарыпты. Ал сол жастардың ата-анасы - қазақтар бұл қатерлі шешімге наразылық білдіріп қарғыс айтуда?
AIKYN.KZ. «70 жылға созылған жауластық: нүкте қойыла ма?» - АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның наурыз айында келісілген кездесуі 12 маусым күні Сингапурде өтеді деп белгіленді. Бұл туралы Америка басшысы өзінің твиттер парақшасында: «Біз бұл кездесуді әлем бейбітшілігі үшін ерекше етуге тырысамыз» деп жазды.
«Қандай қару шығарамыз?» - Қазақстанда 9 мыңнан астам адам әртүрлі кәсіпорындарда әскери машиналарды, соғыс техникасын және ұрысқа қажетті құрал-жабдықтарды жасаумен айналысады. Бұл дерек Мәжілісте өткен Үкімет сағатында жария етілді. Жиында қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.
«Қоштасу кешіне мектептің қатысы бар ма?» - Соңғы қоңырау соғылатын күн таяғанда міндетті түрде көтерілетін бір мәселе бар, ол – мектеп түлектерінің қоштасу кеші, осы кеш үшін жиналатын ақшаның көлемі. Ең қызығы, бұл мәселені көтерушілер ақша жинауға мектеп ұжымын кінәлап, жазғырып жатады. Ал шындығында, біздің қоғам қоштасу кештерін өткізуге мектептің де, мұғалімнің де қатысы жоқ екенінен бейхабар.
BAQ.KZ. «Әділ Маясаров: Тазы тұқымын сақтау бойынша селекция жасайтын маман жоқ» - Қазақ үшін жеті қазынаның бірі атанған асыл тұқымды тазылар бүгінде жоқтың қасы. Осыған орай тазы өсірумен соңғы 20 жылдан бері тұрақты айналысып келе жатқан Әділ Байсаловты әңгімеге тартқан едік. Қазақтың нағыз құмай тазыларының қанын тазартып, селекция жасаумен айналысып жүрген азамат бүгінде таза қанды тазылар қалмады дейді.
«”Қазақ” газетіне 105 жыл. Ұлттық сана ұйытқысы» - ...Баспасөз қай уақытта да қоғамдық өмірдің айнасы, шығып тұрған заманының шынайы шежіресі екендігі белгілі. Оған осы жылдың ақпан айында жарық көргеніне 105 жыл толған «Қазақ» газетінің тағдыр талайы айқын дәлел. Апталықтың ғасыр басындағы қазақ қоғамдық өмірі тарихынан алатын орны айрықша.