2 мамырда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Мақат аудандық мәслихатының депутаттарына бұған дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына басшылық еткен олардың жаңа әкімі Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ кандидатурасын мақұлдауға ұсынды. Жергілікті өкілді билік органынан қарсылық болған жоқ.
Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Махамбет ауданында дүниеге келген, Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын тәмамдаған, техника ғылымдарының кандидаты. Кәсіпкер болды, кейін қалалық және облыстық әкімдіктерде түрлі лауазымдарды атқарды, ауыл шаруашылығы басқармасына, мемлекеттік сатып алулар басқармасына, қалалық ТКШ бөліміне басшылық етті, Атырау әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ауданның бұрынғы басшысы Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ «басқа жұмысқа» ауысты, қандай жұмыс екені хабарланбайды. Бұл қаржы полициясы пара алғаны үшін оның орынбасарын, сондай-ақ, әкімдіктің бөлім бастығын – делдалды (тергеу нұсқасы бойынша) ұстаған кездегі жанжалмен байланысты ма? Әлде, әдеттегі кадрлардың ауыс-түйісі ме? Сәрсенғалиевтың келесі лауазымы белгілі болған кезде бұл жағдай айқындалады.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА