«АЖ» бейресми ақпараты бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұма күні кешкісін, 19 қаңтарда осы операцияны өткізген.
Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық МҮСЕПОВ пен құрылыс бөлімінің бастығы Құралбек АДАМБАЕВ ұсталды, олардың неге күдіктелгенін болжауға ғана болады. Ұлттық бюро департаменті «АЖ» тілшісіне бұл ақпаратқа әзірге комментарий бермеді, бірақ жоққа да шығармады.
Бейсенбі күні, 18 қаңтарда Мақаттағы Мәдениет үйінде облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қатысуымен аудан әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВТЫҢ есебі тыңдалған қоғамдық жиналыс өткен еді. Ал келесі күні Ұлттық бюро қызметкерлері тыныш қана өз операциясын өткізеді.
Фархат ӘБІЛОВ