Атырау, 24 қараша 13:57
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бiлiмдiге бөгет жоқ

4 014 просмотра

Бүгін, 7 маусымда Атырауда ҰБТ-дің үшінші кезеңі өтуде. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде және Исатай ауданында түлектердің соңғы легі емтихандарын тапсыруда.

 

ҚҰЛАҚ КЕСКЕНДЕЙ ТЫНЫШТЫҚ ОРНАДЫ

Бірінші кезең жексенбі күні 3 маусымда өтті. Ол күні Атырау және Исатай мен Индерден басқа облыстың барлық аудандарының түлектері ҰБТ-ден өтті. Таңертеңгі сағат 7.30-да АМУ алдында көлік қоятын орын табылмады, №1 емханадан университетке дейінгі алаңға орналасқан көліктерден ине шаншар жер қалмаған. ІІД ЖПБ жол-патруль қызметі бөлімінің бастығы Талғат МАРДЕНОВТІҢ айтуынша, жол полициясының қызметкерлері өз кезекшіліктерін таңғы сағат 6-дан бастаған көрінеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметкерлерінің айтуынша, олар бұл жерге одан да ертерек келген екен.

Университетке алып баратын саяжолда сынып жетекшілері түлектерге рұқсат қағаздары салынған селдір папкаларды таратты. Қобалжыған абитуриенттер ҰБТ тапсыратын аудиторияларының нөмірі бойынша  сапқа тұрды, ал, олардың арт жағынан ата-аналар мен туысқандары орын алды. Олар басқа облыстарда өтіп жатқан ҰБТ туралы теледидардан көрсетілген хабарларды және интернеттен алған ақпараттарымен бөлісіп жатты.

- Биылғы жылы өткен жылға қарағанда қаталдау өтіп жатыр дейді. Кеше теледидардан балаларды іш киімдеріне дейін шешіндіріп, тексеріп жатқандарын көрсетті. Кімнен шпаргалка мен телефон тауып алса, оларды бірден тест тапсыруға жібермей тастады. Қазақстанның оңтүстігінде «Алтын белгіден» үміткер 20 баланың тек біреуі ғана өз білімін дәлелдеп шыққан. Бейне камераға көрінбейтіндей жерге отырған және шпаргалкаларын қолдану мүмкіндігі болған түлектер тестідегі сауалдарға  бірде-бір жауап таппағандарын айтады, - дейді Салтанат есімді ата-ана. Оның қызы қалай болғанда да шпаргалканы жасырып кірген. Абитуриенттер байланыстың нашарлығына шағымданды, дегенмен, олардың көпшілігі өздерімен бірге ұялы телефондарын алып кіреміз деп үміттеніп отыр. Егер ойлап қарасаңыз, оның бәрі түсініксіз: өз білімдері үшін жоғары бағаны алдамшы жолмен алатындығынан ешкім де қымсынып тұрған жоқ...

Сағат тілі сегізге таяғанда салтанатты бөлім басталды. АМУ ректоры Бейбіт МАМРАЕВ және тестілеу қосынының бастығы Нұрсәуле САЙЛАУОВА шығып сөз сөйледі. Олар түлектерге ҰБТ жүргізудің тәртібін түсіндіріп, сәттілік тіледі.

Құралай АЛПЫСБАЕВА және Мәди МЕКЕСОВ - облыстық Досмұхамбетов атындағы лицейдің түлектері. Құралай ерекше үлгідегі аттестаттан, ал, Мәди – бірінші сыныптан бері оқу үздігі, «Алтын белгіден» үміткер. Құралай арнайы пән үшін ағылшын тілін, Мәди – физиканы таңдады. Балалардың айтуынша, олар ҰБТ-ға жыл бойына дайындалған, бірақ соған қарамастан олар бәрібір қобалжулы, өйткені олар тестілеуден сәтті өтіп қана қоймай өз білімдерін де дәлелдегісі келеді.

Үстіміздегі жылы Атырау облысында бірыңғай ұлттық тестілеуден 4 746 түлек өтпекші. Халықаралық олимпиадалардың 29 жеңімпазы ҰБТ-ге қатысудан босатылды. Атыраулық түлектер тестілеуден үш кезең бойынша өтті: маусымның 3-і, 5-і және 7-сі. Жылыой және Құрманғазы аудандары – 3-ші, 5-ші маусымда тапсырса, Индер ауданы – 4-ші маусымда, Исатай ауданы - 7 маусымда, ал, Қызылқоға мен Мақат және Махамбет аудандарында – 3-ші маусымда өтті.

Тура сағат 8-де ғимарат ішіне алғашқы түлектер шақырылды. Бейбіт Мамраевтың айтуынша, ұялы байланыс сигналдарын тұншықтырғыштар және бейнебақылау камералары тестілеу өтетін барлық аудиторияларға орнатылған екен.

Әдеттегідей таңмен таласа мектептерге жиналған ұстаздардың көңіл күйлері болмады, өйткені балалардан ешқандай хабар түспеді. Тұншықтырғыш қондырғы жұмыс істеген болып шықты.

Әдеттегідейтаңменталасамектептергежиналғанұстаздардыңкөңілкүйлеріболмады, өйткенібалаларданешқандайхабартүспеді. Тұншықтырғыш қондырғы жұмыс істеген болып шықты.

 

СИГНАЛ ЕСТІЛЕДІ!

Айтпақшы, Атырау облысына келген сапарында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы Қайыржан РАҚЫМЖАНОВ 2011 жылы тәжірибе ретінде кейбір оқу орындарында ұялы телефондардың сигналдарын тұншықтырғыштар пайдаланылғанын әңгімеледі. Ол жердегі нәтижелер әдеттегіден анағұрлым төмен болған екен.

Ол тестілеу кезінде орын алатын түрлі заң бұзушылықтарға да назар аударды. Мәселен, Қызылорда облысындағы тестілеу нүктелерінің бірінде орташа балл әжептәуір жоғары - 107 балл болған, мұның күдік туғызғаны анық еді. Осы жағдайға тексеру жүргізу кезінде үш қатар етіп арнайы сырылған және жоғарғы жағынан пломбаланған тест тапсырмалары салынған қаптардың төменгі жағы мұқият сөгіліп, содан кейін қайтадан тігілгендігі анықталған. Тестілеу жұмыстары қайтадан жүргізіліп, бұл жолы орташа балл төмен – 84,2 балл болған. Ал Алматыда бір жігіт қыз болып киініп, оның орнына тест тапсырмақ болыпты. Атырауда, бағымызға қарай, мұндай атышулы жанжалдар әзірге орын алған жоқ. Талапкерлердің барлығы бірауыздан өздерін әдептілікпен тексергенін, балаларға ешкім тиіспегенін, бар болғаны металл іздегішті өн бойларына жүргізіп шыққандығын растап отыр. Көпшілігіне, айтпақшы, өздерімен бірге ұялы телефондарын алып өтуге және оны пайдалануға мүмкіндік болыпты.  Шамасы біреулер әлсін-әлі антеннасы бар модем секілді, бірақ көлемдері үлкенірек аппарат түріндегі “тұншықтырғыштарды” ажыратып тастап отырған болуы керек. Білетін адамдар сигналдар бірден шыға қоймайды, бәрінен бұрын терезе жанында отырғандардың жолы болған шығар, ол жерде сигналдар жақсы алады деседі.

 

РЕКОРД - 124 БАЛЛ!

Тестілеу алдында барлық талапкерлерге нәтижелерді мектептерден білу керектігін, ол жаққа фамилия бойынша тізімдер жіберілетіндігін хабарлапты. Десе де, бәрі университет маңына жиналған. 5 маусым күні кешкі сағат 19-ға қарай университет ғимаратына барар аллеяның бойында талапкерлер, олардың туыстары мен жақындары толып жүрді. Алдымен аллеяның түкпіріне қарай орнатылған стендіге темір қоршаулар арқылы полицейлер 20-30 адамнан жіберіп тұрды. Бірақ кейін тегеуріннен шаршап, турникеттерді алып тастады. Сол кезде қалың дүбір тізімге қарай лап қойды. Кенет бір қыз баланың шыңғырған дауысы естілді. Қызды қалың топ нөпірі басып кеткен шығар деген ой бірден келді. Бірақ олай емес екен, талапкер стендтен бері қарай, «Жүз төрт» деп айқайлап, қуана жүгіріп келе жатты. Оны сыныптастары мен достары құттықтай жөнелді. Ал арықша келген бозбала оған көңілсіз ғана көз тастап, әлдекімге: «Қара бет болдым ғой, өте алмадым!» деп хабарлап тұрды. Тағы бір жерде орындықта бетін басып бір қыз жылап отырды, оның да жолы болмапты. 

Үш күн ішінде – 3-5 маусым аралығында ҰБТ-ға облыстың 4 060 түлегі қатысты. 124 баллдан жинаған Досмұхамбетов атындағы лицейдің түлегі Ақбота СӘРСЕНОВА мен№16 мектеп түлегі Әсемгүл ИБРАШЕВА ең үздік көрсеткіштер көрсетті. Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, тестілік өту балынан 388 түлек өте алмады. Облыс бойынша орташа балл 72,4 балл (2011 жылы - 86,4 балл) құрайды. Алғашқы үш күннің нәтижелері бойынша 66 «Алтын белгі» үміткерлері мен ерекше үлгідегі аттестат алуға 25 үміткер өз білімдерін қорғап шыққан.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

6 маусым 2012, 20:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.