№2 Атырау қалалық сотында аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленді деп айыпталған «АтырауСуАрнасы» КМК бұрынғы директоры Андрей ТАШЛЫКОВ пен осы кәсіпорынның бөлім бастығы Гүлмира ОЖЫРАЕВАҒА қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда.
24 сәуірде Г.Ожыраеваның екінші адвокаты Нұрлан ЖОЛБОЛОВ, өз пікірінше, Атырау облысының әкімдігін екінші жапа шегуші деп (енді, қалалық әкімдікті қосқанда екеу болды) заңсыз таныған судья Мейрамбек НАҒАШЫБАЕВТАН бас тарту туралы өтініш берді.
27 сәуірдегі сот отырысында судья Жұмағали ТАШИМОВ бұл өтінішті жеке қарап шығып, оны қанағаттандырмау туралы қаулы қабылдады. Содан кейін М. Нағашыбаев қайтадан судья орнына жайғасты. Процесті жалғастыра отырып, ол сараптама жасау үшін айыптаушы тарапты қосымша құжаттар ұсынуға міндеттеді.
Фархат ӘБІЛОВ