Атырау, 8 қазан 19:26
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Алыптармен иық теңестірді

2 030 просмотра

Саша ДЕНИСОВТЫҢ коллажыАтырауда «Даму» қорының ұйымдастыруымен электрондық мемлекеттік сатып алулар бойынша тренинг-семинар өтті. Үш күн бойына оған 70-тен аса жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

ПЫСЫҚТАР - ЕКІ АСТАНАДА

- Статистика бойынша электрондық мемлекеттік сатып алуға белсенді қатысушылар – Алматы, Астана және Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері, ал, атыраулықтар болса, тізімнің соңғы жағында, - дейді  GEP тренинг  компаниясының  қызметкері Евгений УТКИН (суретте).Оның пікірінше, мұның сыры Атырауда көптеген ірі мұнай компанияларының  болуы және бизнесмендердің жұмысы негізінен солармен бірлесе жүргізілетіндігінде екен.  

- Мен бизнеспен 90-шы жылдардан бастап айналысамын. Бұл уақыт ішінде мен бірде-бір рет мемлекеттік сатып алуларға қатысып көргенім жоқ.  Өйткені, біздің фирма ұлттық компаниялармен жұмыс жасай отырып, нақты бір қызметтерді атқарады, - деп әңгімелейді  «МехТрансСтройСервис»  ЖШС директоры Серік ӘМІРҚҰЛОВ. – Бірақ, қазір олар сатып алу жүйелерін біраз өзгертті, сондықтан да біз өзіміздің қызметтерімізді жүзеге асырудың жаңа жолдарын іздеуге кірістік. Ашығын айтқанда ұсақ және орташа компаниялардың, мемлекеттік  сатып алуларға бас сұғуынан ешқандай пайда жоқ дегенге сенімді болдым, бұл үлкен азулыларға арналған. Алайда, осы семинардан соң ұжымды жинап, тендерге дайындыққа кірістік.

Электрондық сатып алулардың болашағы бар дейді аналитиктер сеніммен және біздің адамдар да оны жуық арада сезіне алатын болады. Бірнеше мысалдар келтіре кетейін: 2008 жылы мемлекеттік сатып алулар сайтында 592 тапсырыс беруші және бар-жоғы 474 жеткізуші ғана тіркелді, демек, сұраныс ұсыныстан асып кетті. Ал, 2011 жылы арақатынас бірден өзгерді:  24 124 тапсырыс берушіге 75 мың жеткізушіден келді. Көлем жағынан да өсіп келеді – үш жылдың ішінде ол  211 миллионнан  134,8 млрд теңгеге дейін өсті. Іс жүзінде  104, 9 млрд теңге игерілді  – ал, қалған ақшаны мемлекет тендерді ұтып алуға тырысқан кәсіпкерлердің ұсынған тиімді бағаларының есебінен үнемдеуге мүмкіндік алды.

Бүгінгі күні электрондық сатып алулардың 4 тәсілі бар: конкурс; бір қаржы көзінен; баға ұсыныстары: тауар биржасы. 1 шілдеде конкурстар толығымен электронды форматқа көшкен кезде оларға тағы бір тәсіл – аукцион қосылатын болады.

 

ЖЕТІ РЕТ ӨЛШЕП, БІР РЕТ КЕС

Мемлекеттік сатып алулардың өткізілуін қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комитеттер бақылауға алатын болады. Ол тапсырыс берушілердің, жеткізушілердің, тендерлік комиссиялардың қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізе алады. Қатысушылардың санының артуына байланысты комитет жылына бір рет тексеруге үлгермей жатады, үстіміздегі жылы кәсіпкерлерді тексере ме, оны комитеттің сайтынан білуге болады. Жоспардан тыс тексерулер арыздар, жанама ақпарат көздерінен, яғни, БАҚ болуы мүмкін, құқық қорғау органдарының қаулылары және мемлекеттік сатып алу комитетінің бір жылдық  жұмысының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Есептеу барысында аздаған жетіспеушіліктер анықталған жағдайда кәсіпкерге ұйғарым шығарылады, ал, өрескел заң бұзушылықтар үшін сотта қаралатын болады. Бұдан басқа, алақол қатысушылардың тізілімі, яғни, «қара тізім» бар. Оған жалған ақпараттар берген, міндеттерін орындамайтын кәсіпорындар енгізіледі. Оларға 2 жыл ішінде тендерге қатысуға құқық берілмейді.

- Тендерге қатысу алдында азаматтық құқықтар саласында маманданған тәжірибелі заңгерден кеңес алған жөн және оған келісім-шарт жобаларын көрсеткен дұрыс, - дейді Е.Уткин. –Бұл жағынан тапсырыс берушілерге сенім артуға болмайды. Құқықтық статистика жыл сайын мемлекеттік органдар шамамен 20 мың заңсыз актілерді шығаратындығын дәлелдеп отыр. Бұдан басқа, үнемі мемлекеттік сатып алулар сайтын бақылауға алу керек. Онда ақпараттар көптеген факторларға: бюджеттің өзгеруі, мемлекеттік органдардың тарап кетуі немесе қосылуы және тағы да басқа жағдайларға бола өзгеруі мүмкін. Және сондықтан да таяу жылдарға арналған бизнесті дамыту жоспары болуы керек.

   

БҮГІН - ОЛ, ЕРТЕҢ - СЕН

Баға ұсыныстары бойынша жеткізушілерге қойылатын ерекше талаптар жоқ. Өйткені, бұл жағдайда айналымдағы ақша да көп емес. Ал, конкурсқа қатысушыларға, одан әрі аукционға қатысатындарға жалпы және ерекше талаптар қойылатын болады. Жалпы талаптар: банк арқылы расталатын төлемқабілеттілігі; құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік); бюджет алдында бережағы жоқ (салық инспекциясының анықтамасы бойынша). Ерекше талаптарға материалдық, қаржылық базалар және еңбек ресурстары  жатады.  Ықтимал өнім беруші, егер ол сол адамдарға туысқан болып келсе, ол бәрібір тендер қорытындысына әсер ететін болады. Сондай-ақ, ол тапсырыс берушіге тендерге дайындық барысында сараптамалық, кеңес беру қызметтерін көрсетсе, бұрын компанияны басқарған болса, құрылтайшы немесе алақол қатысушылар тізіліміне енгізілген компанияның жарғылық капиталына қатысушы болса мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ. Барлық ақпаратты мемлекеттік сатып алулар сайтынан үш тізілімнен алуға болады: «тапсырыс берушілер», «алақол қатысушылар тізілімі» және «келісім-шарт». Егер сіз бұл жолы да жеңіске жете алмасаңыз, өз бәсекелестеріңіздің келісім-шарттарын мұқият оқып шығуыңызға болады. Олардың ішінен сіз түгел болмағанмен бизнесмендерге өз жұмыс тактикаларын құруға мүмкіндік беретін ақпараттарды алуға болады. Бір салада жұмыстанып жүрген кәсіпкерлер тауар құны, ассортиментті біледі, тіпті, олар бір жеткізушіден алады, сондықтан да олар бәсекелесі ұсынатын қызметті болжай алады және келесі жолы ұсынысты одан арзандау етіп жасап, тендерді жеңіп алуына болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 маусым 2012, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.