Атырау, 19 желтоқсан 08:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстанда синофобия күшейді ме?», «141 млрд теңге. Цифрлық Қазақстан. Қарқын неге баяу?»,«Қазақ хандарының ұрпақтары туралы қазір не белгілі?», «Әлем бойынша әлеуметтік желілерге тосқауыл қойған мемлекеттер тізімі».

2 986 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстанда синофобия күшейді ме?» - Сарапшылар Қазақстанда Қытайдан келетін жұмысшылардан қауіптену тенденциясы қалыптасқанын айтады. Ал кәсіпкердің ойынша, қытайлармен бірігіп жұмыс істеудің еш қаупі жоқ.

«Неге мектепте асылып қалғанын түсінбейміз» - Шымкенттегі 90-мектептің мұғалімі мектеп зертханасында "асылып өлді" деп хабарланды. ОҚО полициясы бұл оқиға бойынша тергеу-тексеру жүріп жатқанын айтады. Шымкентте былтырдан бері осымен екінші мұғалімнің "мектеп ғимаратында өзіне қол жұмсағаны" тіркелді.

QAMSHY.KZ. «141 млрд теңге. Цифрлық Қазақстан. Қарқын неге баяу?» - «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр ма? Қазақстандық IT-мамандарының көбі дерлік бұған күмәнмен қарайды. Оның себебін Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі мамандардың өзінен сұрап көрді.

«"360 әулие" атауы қайдан шықты?» - «Маңғыстау сонадайдан тоңазытқан. Маған соңғы кездері ең көп қойылатын сұрақтардың бірі «360 әулие» атауы қайдан шықты және олардың кім екендіктерін қалай анықтауға болады?» делінеді.

TENGRINEWS.KZ. «Қазақ хандарының ұрпақтары туралы қазір не белгілі?» -  Тарихшының мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда он мыңдай хан тұқымы тұрады екен. Ал шетелде тұратындар аз, оның өзінде Әлихан Бөкейхановтың ұрпақтары ғана Мәскеуде тұрады.

  QAZAQTIMES.COM. «Әлем бойынша әлеуметтік желілерге тосқауыл қойған мемлекеттер тізімі» -  Жақында Ресей Telegram әлеуметтік желісін бұғаттады. Оған жоба авторы Павел Дуровтың «әлеуметтік желі арқылы Gram криптовалютасын айналымға енгіземін» - деген мәлімдемесі себеп болған. 

INFORMBURO.KZ. «Қазақтан шыққан Қашқынбай. Жалшы баладан Сталин мен Мау Зыдұңға кездесуге дейін» - Алтайдың төрт жағын мекендеген қазақтың тағдыры әр басқа. Моңғол Алтайының ертеңі мен бүгінін білу үшін Қашқынбай Мәлікұлы жайлы айтпау мүмкін емес.Қазақтан шыққан Қашқынбай.

«100 оқулық жобасымен жарық көрген алғашқы 18 кітап сатылымға шығарылмайды» - Бұл кітаптар ғылымды қазақша сөйлетудің дәлелі дейді ғалымдар. Биыл жоспарда тағы 30 оқулық тұр. Ал 100 кітапты түгел аудару алдағы екі жылда аяқталады.

QAZAQUNI.KZ. «Бауыржан Момышұлы сүйсінген «Полтора казах» кім?» - Бүгінгі ұрпақ аласапыран заманда айдарынан жел есіп, айбарынан дұшпанның мысы қайтатын, ат үстінен түспеген бағзы кездегі баһадүр бабаларын біле ме екен? Әй, қайдам? Шетелдің Бэтман, Человек-паук секілді қиялдан туған сайқымазақтарын көріп өскен жасөспірімдерге тұла бойын намыс кернеген осынау ата-бабаларымыз аңыздың кейіпкерлеріндей көрінетіні айдан анық.

365INFO.KZ. «”Былай разводить етесің…” » -  Саясаттанушы полиция мен соттардың былығы туралы айтты


24 сәуір 2018, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.