Атырау, 19 желтоқсан 07:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстандағы наразылық акцияларының себебі мен сипаты», «Әзімбай Ғали: Қазақстанға төнетін Ресей қауіпінің белгілері», «“Жаңа Қазақстан” форумы нені көздейді?», «Салқыны санкцияның басылмай тұр», «Жаңа Жібек жолына сақтықпен қарауға шақырады».

2 652 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстандағы наразылық акцияларының себебі мен сипаты» - Екі жыл бұрын Қазақстан аймақтарында "жер митингілері" өтті. Мыңдаған адам қатысқан ең ірі митинг 2016 жылғы сәуірде елдің батысындағы Атырау қаласында болды. Бұл наразылық акциясы 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасынан кейінгі ең ауқымды акцияға айналды. Бірақ елде наразылық белсенділік деңгейі жоғары деуге келмейді. Азаттық сарапшылардан қазақстандықтар 1991 жылдан бері не үшін наразылық білдірген еді және қазір наразылық деңгейі неге төмендеп кеткенін талдап беруді сұраған еді.

«Жаңа Жібек жолына сақтықпен қарауға шақырады» - Батыс басылымдары осы аптада Қытайдың жаңа Жібек жолы бастамасының Қазақстанға әсерін, Трамптың қазақстандық бизнесмендермен байланысы және Головкиннің жаңа қарсыласы туралы жазды.

«Дуров халықты көшеге шығара алады» - Азаттықтың Орыс қызметі "Код Дурова" кітабының авторы Николай Кононовпен сұхбаттасып, Дуров пен Кремль арасындағы жанжал немен аяқталатынын сұрады.

QAMSHY.KZ. «Өгей баласын өлтірткен әйел туған ұлдарына қалай сатқындық жасады?» - Өткен жылы 11 жастағы Өркен Азаматұлының қастандықпен өлтірілуі қоғамды дүр сілкіндірген еді. Бұл оқиғаның егжей-тегжейі Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ақбердиевтердің ісі» деген атпен сақтаулы. 

QAZAQTIMES.COM. «Әзімбай Ғали: Қазақстанға төнетін Ресей қауіпінің белгілері» -  Ресеймен Қазақстан арасында соғыс болмас, себебі соңғы он жылда Ресейде экономикалық стагнация күшейіп келеді, ал соңғы төрт жылда халықтың тұрмыс жағдайы төмендеді. Ресей екі соғысты басынан өткеруде – Сүрия мен Украина. Бірақ кезінде әскери қуаты сарқыла бастаған гитлерлік Германия өзінің одақтасына Италияға шабуыл жасаған.

«Тәуелсіз “ДАТ” газетіне 20 жыл толды» - Биыл Қазақстандағы тәуелсіз басылым «ДАТ» газеті өзінің 20 жылдық мерей тойын атап өтуде. 

DALANEWS.KZ.  «“Жаңа Қазақстан” форумы нені көздейді?» - Еуропаның жүрегі Брюссель қаласында еліміздің азаматтық белсенділері бас қосып, “Жаңа Қазақстан” атты форумы аясында елдегі жағдайды талқылады. Бұл жиынның өтетіні мәлім болғалы бері ел арасында неше түрлі әңгімелердің бас көтергені белгілі. Ендігі кезекте ел мүддесі үшін күресіп жүрген азаматтардың басқосуына қатысты өз ойымызды алға тартсақ.

«“Астана банкінің” басшысы: “Бізге әрбір салымшы қымбат”» - Күні кеше президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі бірқатар банктердің хал-ахуалына алаңдаулы екенін айтты. Сол кезде “Астана банкінің” де аты аталған-ды. Осы ретте “Астана банкі” директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Тоқтаровпен аз-кем сұхбаттасудың сәті түсті.

JASQAZAQ.KZ. «Салқыны санкцияның басылмай тұр» - Қазір әлем нарығы АҚШ президенті Дональд Трамптың әр қадамын жіті қадағалап отыр. Себебі ол Қытай, Ресей, Солтүстік Корея сынды экономикасы дамыған елдерге санкция жариялап үлгерді. Сауда соғысында кімнің үстем түсетіні кімді де болсын қызықтырады. Трамптың АҚШ-қа келетін болат, алюминий сияқты металдарға шектеу салғаны отқа май құйғандай болды. Қытай, Ресей, Еуропа Одағы міндетті түрде қарсы жауап дайындайтынын жеткізді. Қазір ресейлік компаниялардың құнды қағаздары құлдырауда. 

«Артқы аяқ пен алдыңғы аяқтың бар екенін білдік» - Телеарнада журналистің құрметті үш қызметі бар: репортер, шолушы және комментатор. Телеарналардағы негізгі шығармашылық жұмысты атқаратын осылар. Редактор, жүргізуші, диктор ренжімес. Әңгіме өзегі – спорт комментаторы. Бір әріптесімнің «Пәленше деген комментаторлар репортаж жүргізгенде теледидардың дауысын өшіріп тастаймын» дегені бар. Мен ол жігіттің кім туралы айтып отырғанын жақсы білемін. Сәл әріректен бастайық.

«М.Жүнісова: Нота ұрлап, әуен құрап, ән жазатындар бар» - Қазіргі ән де, әнші де инкубатордан шыққандай. Бір-біріне қатты ұқсайды. Мұны біз емес, өнерде жүрген мүйізі қарағайдай әнші-сазгерлердің өзі айтып отыр. Біздің қонағымыз Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова да өң-түсі бір-бірінен аумайтын әншілер мен ғұмыры аз күндік әндердің көп екенін растады. Әңгіме-сұхбатымыз өнер тақырыбының ойлы-шұңқырын түгел аралады.

AIKYN.KZ. «Онлайн-несие оңдыра ма?» - Біз қаласақ та, қаламасақ та онлайн-несие берушілер де, оны алушылар да көбейіп келеді. Алушылар болмаса, берушілер көбеймес еді. Демек, сұраныс бар. Сұраныс болған жерде ұсыныстың артатыны – нарық заңы. Бір кездері әр аялдамада, әр бұрышта несие берген банктер проблемалық несиенің мөлшері көбейгенде бір-ақ есін жиған. Бірақ бәрі кеш еді, сол проблемалық несие біраз банктің түбіне жетіп тынды. 


23 сәуір 2018, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.