Саша ДЕНИСОВТЫҢ коллажы2013 жылдан бастап Қазақстанда аймақтық электр желісі компаниялары (АЭК) үшін тарифтерді бекітудің жаңа ережелері күшіне енетін болады. Тарифті қалыптастырудың жаңа әдісіне алғашқылардың бірі боп «Атырау Жарық» АҚ көшпек. Бұл туралы «АЖ»-ға ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий ШКАРУПА өз хатында хабарлаған еді.
Оның айтуынша, агенттік бенчмаркинг деп аталатын салыстырмалы талдау әдісіне көшуді көптен жоспарлаған. Бұл әдісті енгізу «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда қарастырылған.
Анатолий Валерьевич жаңа әдіс бойынша монополистердің шығындарын арттыру мүмкіндігі толықтай жоққа шығарылатынын атап өтті. Артықшылығы сол - тарифтерді бекіту кезінде белгілі бір АЭК-тер қызметінің тиімділік деңгейі ескерілетін болады. Ол келесі көрсеткіштер бойынша анықталады: қызмет көрсету алаңы, тұтынушылар саны, электр тарату желісінің ұзындығы, трансформаторлардың саны мен қуаттылығы, электр желілеріндегі жоғарғы қуат, электр энергиясын тарату көлемі мен шығындар. Агенттік инвестициялық бағдарламалардың орындалуына және қаржылардың мақсатты қолданылуына бақылау жасайтын болады. Тарифтерді бекіту туралы АЭК өтініштері ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұсынылуы тиіс. Жаңа тарифтер 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін күшіне енетін болады. Анатолий Шкарупа былай деп сендірді: «АЭК тарифтерін реттеудің жаңа тәсілін қолдану қалыптасқан баға теңдігінің өзгерісіне әкелмейді».
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Бенчмаркинг(ағылшынша Benchmarking) – өз жұмысын жақсарту мақсатындағы компания жұмысының тиімділігі мысалдарын түсіну мен бейімдеу, анықтау процесі. Ол тең дәрежеде екі процесті қамтиды: бағалау және салыстыру. Әдетте, үлгі ретінде «үздік» өнімді және тікелей бәсекелестер мен өз өнімдері мен өз жұмыс әдістерін жетілдіру жолдарын анықтау үшін осы секілді басқа салада жұмыс істейтін фирмалар пайдаланатын маркетингтік процесті қабылдайды. Кемшіліктері: компанияның жабықтығы салдарынан әділ көрсеткіштерді алу қиындығы. Қолданыстағы қаржылық және салық есебінің жүйесі белгілі бір қызмет бағыттары бойынша нақты мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бере бермейді.