Атырау, 24 қараша 13:30
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ескерткіштерді сақтаймыз

3 691 просмотра

Атырау облысының аумағында сәулет, археологиялық және тарихи құндылықтарға ие 313 нысан бар.

– Бізде республикалық маңыздағы нысандар да бар, олар – Сарайшық, Индер ауданындағы Махамбет мазары, Жылыой ауданындағы Жұбан мазары және Атыраудағы Жилгородок, - дейді облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау, қалпына келтіру және пайдалану инспекциясының бастығы Ғалымжан ЫСҚАҚОВ.

Ғ. Ысқақовтың айтуынша, тарихи және сәулеттік құндылыққа ие ескі қалада көп ғимараттар ешқандай рұқсатсыз күрелген. Сақталып қалған ғимараттарға бүгінгі күні қорғауға алынған деген маңдайшалар қағылыпты.

Жарбосынов көшесіндегі 16-үй (суретте) ғимараты мемлекеттің қорғауына алынған көрінеді. Үйді сонау ХІХ ғасырда көпес Пономарев салған, кейін бұл жерде депутаттардың бірінші кеңесі орналасты. Қазіргі Жарбосынов көшесі бұрын Первый Совдеп көшесі деп аталған.

Сондай-ақ, бүгінгі күні «Ұлттық тағамдар» асханасы орналасқан Балғымбаев (бұрынғы Пугачев) көшесіндегі 42-ғимарат сәулет ескерткіші деп танылды. ХХ ғасырдың басында салынған екі қабатты осынау сауда-тұрғын мекені Гурьевтің тарихи құрылыс элементі боп табылады. Бұрын бұл жерде наубайхана орналасқан, ал ауладағы қойма орын-жайларында ұн мен тұз сақталған. Балғымбаев, 61 мекен-жайындағы бұрынғы көпес үйі де үлкен тарихи құндылыққа ие. Ол 1900 жылы салыныпты.

Сақталып қалған азаматтық сәулет ескерткіштерінің қатарына «Орал» мейрамханасының ғимараты, қазір «Болашақ» диагностикалық орталығы орналасқан Исенов көшесіндегі №48 ғимарат пен Жарбосынов, 4 мекен-жайындағы «Ривер Паласс» қонақ үйі мейрамханасының қалпына келтірілген ғимараты енген.

- Бұл ғимараттардың барлығын қалпына келтіру керек, қазір біз жобалау-сметалық құжаттама дайындап жатырмыз, - дейді Ғ. Ысқақов. – Бұл көп еңбекті қажет ететін процесс. Ғимаратты тексеріп, қалпына келтіру үшін тозығы жеткен құрылыстарға зиян келтірмей, бастапқы келбетіне қол жеткізуге анағұрлым лайықты материалды анықтау керек. Облыстағы барлық сәулет ескерткіштерінің жарыққа шығарылатын «Ескерткіштер жинағы» («Свод памятников») кітабының бірнеше томдарында мәңгіге сақталып қалатынын атап өткен жөн.

Тамара СУХОМЛИНОВА

6 маусым 2012, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.