Атырау, 12 желтоқсан 20:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

"Түбі жақсылыққа апармайды"

2 477 просмотра

23 мамыр күні таңертең «Светлана» автобус аялдамасында қалалық әкімдіктің жолаушылар көлігі бөлімі мен жол полициясы бірігіп, қоғамдық көліктегі ереже бұзушылықтарды анықтау рейдін жүргізді.

Бөлім бастығы Қуаныш ИБРАГИМОВ алдын-ала баспасөзге былай деп хабарлады:

- Қалада 470 көлік құралдары бар 8 тасымалдаушы фирма жұмыс істейді. Оның 208-і аз орынды «Газельдер», қалғандары автобустар. Бүкіл автобус паркінің бесінші бөлігі жөндеуде тұр. Ал жалпы қала үшін желіде 800 автобус болуы керек.

Полицейлер жолаушыларға лық толы «Газельді» тоқтатты. Өзін Нұрлан ӨМІРЗАҚОВПЫН деп таныстырған оның жүргізушісі:

- Мен салонға жолаушыларды күштеп кіргізбеймін. Олар орын жоқ екенін көрсе де мінеді, - деп ақталды.

Ал автобус аялдамаларында тұрған адамдар өзекті мәселе жөнінде өздері әңгімелей жөнелді. Әсіресе, оларды 1 шілдеден бастап жолақы құнының көтерілетіндігі мазалайды екен.

- Алдымен тәртіпке келтіріп алып, содан кейін ғана жолақыны көтеру керек еді,- деп наразылық білдірді Балықшы тұрғыны Ұлмекен НЫҒМЕТОВА.Автобустар аялдамада 10  минуттап тұрады. Демалыс күндері жүргізушілерде «қысқа күн» болады, ал жұмыс күндері таңертеңгі сағат 8-де адамдар жұмысқа асығатын уақытта автобустар жанар-жағармай бекетіне кезекке тұрады.

- Егер автобустар дұрыс жүрсе, біз тарифті көтеруге келісер едік. Бірақ олай болмай тұр ғой, - деп сөзін жалғастырды Рембаза тұрғыны Нұролла МАХПУЗОВ.  – Қарбалас сағаттарда маршруткалар лық толы болады, ал басқа уақыттарда орталық маршруттардың жүргізушілері әр жолаушы үшін күресіп, оқтай зымырап жарысады. Балаларды аяйсың, бағанға маңдайларын, тізелерін соғып, автобус салонының ішінде допша домалап жүреді. Бұл түбі жақсылыққа апармайды, осыны естеріңізге ұстаңыздар...

Қуаныш Ибрагимов жолақының қымбаттауына қатысты түсінік берді:

-  Қазір тарифтің тиімсіздігі салдарынан көптеген «Газельдердің» қожайындары оларды маршруттарға шығармайды. Сондықтан тарифті көтеру мәжбүрлі шара болып отыр.   

МұратСҰЛТАНҒАЛИЕВ,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 мамыр 2012, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.