«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының мұнайшылары төртінші жыл қатарынан Наурыз мейрамын қолданыстағы кен орындарының базасында тойлап отыр. Биылғы жылы тойлау Мақат ауданындағы «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Ботақан кен орнында ұйымдастырылды.
Тойлауға 450-ге жуық адам – ЕМГ алты өндірістік құрылымдық бөлімшесінің еңбек ұжымдарының өкілдері, құрметті қызметкерлері мен зейнеткерлері, Компания басқармасы аппаратының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Мұнайшыларды құттықтауға «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқармасының төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ және т.б. келді.
- 2017 жылы Ембі мұнайшылары өндірістік жоспарды табысты орындады. Бұл – ғасырға дерлік тарихы ішінде халықтың игілігіне бар ынтасымен еңбек еткен ұжымның бірлігінің көрсеткіші. Сіздерге қолдау көрсеткендеріңіз және Компания мен қазақстандық экономиканың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін, - деп құттықтады ембіліктерді ЕМГ Басқармасының төрағасы Әнуар Жақсыбеков.
- Наурызды тойлау күндері өткен жылдың қорытындыларын шығару дәстүрге айналған. Өткен жыл «Ембімұнайгаз» үшін жемісті болды. Биылғы жылдың алғашқы екі айындағы өндірістік көрсеткіштер де өте жақсы. Мен сіздердің әрқайсыңызға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызда тыныштық орнап, бақыт қонсын. Біздің басты міндетіміз – сіздердің еңбек етулеріңіз үшін қолайлы жағдай тудыру, өйткені, мұнай кәсіпшілігінде еңбек ететін қызметкерлер – біздің басты құндылығымыз, - деп атап өтті жұмыс ұжымдары өкілдерінің алдында ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ.
Кейінірек журналистермен сұхбаттасқанда, бүгінгі күні «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік көрсеткіштер бойынша көшбасшылық орында екендігін баса айтты:
- Мұнда жаңа технологияларды белсенді қолданады, мәселен, 2016 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кірген «Сандық кен орын» тұжырымдамасы сәтті енді. Бұдан басқа, газды пайдаға асыру бойынша қондырғы іске қосылды. Сондай-ақ, тереңдігі 6 километр ұңғыманы бұрғылауға дайындық жүріп жатыр. Қазіргі таңда ЕМГ ресурстық базасын толықтыру өзекті міндет болып табылады, сондықтан біз геологиялық барлау жұмыстарын әрі қарай да белсенді жүргізетін боламыз. Біз болашаққа сеніммен қараймыз.
Шараның ресми бөлігі барысында ЕМГ ерекшеленген қызметкерлері ҚМГ БӨ және ЕМГ Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың арасында: қабат қысымын сақтау жөніндегі оператор Айзада АЙДАШЕВА, көтергіш құрылғы машинисі Айтқали ЕРЖАНҒАЛИЕВ, тиегіш құрылғы жүргізушісі Мұса АЛҒАЗИЕВ, жеңіл автомобиль жүргізушісі Ахмет ЖЫЛҚАЙДАРОВ, бульдозер машинисі Түлесбай БАЛМҰҚАНОВ, "Ембімұнайгаз" АҚ "Қайнармұнайгаз" МГӨБ орталық инженерлік-технологиялық қызметі басшысының орынбасары Қайрат ҚУАНТАЕВ, технологиялық сораптар машинисі Ерлан МАНСУРОВ, ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор Қымбат ЖҰБАНИЯЗОВА, қабат қысымын сақтау жөніндегі оператор Бағыткерей ҚОЖАХМЕТОВ, еңбек жөніндегі экономист Салима АЙДЫНОВА, көтергіш құрылғы машинисі Амангелді ХАЛИДУЛЛИН, мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор Қалы ҚАЛЫҚБАЕВ, қойма шаруашылығының ілмекшісі Есенжан ЗАКАРОВ, ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғылаушысы Нұржан АҚЖІГІТОВ, технологиялық сорғылар машинисі Сайын ДОСҚАЛИЕВ бар.
Мерекені тойлау шеңберінде «Мейірімді мекен» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оның барысында жергілікті суретшілер мен қолөнершілер өздерінің қазақтың ұлттық нақышта дайындалған туындыларын ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге Компанияның өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінің (ӨҚБ) 60-тан астам қызметкері қатысты – олар жұмыстан қол бос уақытта өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, соның ішінде, тоқылған киімдерді, өзі жасап шығарған сабынды, балшықтан, былғарыдан және ағаштан жасалған бұйымдарды ұсынды. Мереке қазақстандық эстрада жұлдыздары Ақылбек Жеменейдің және Айгүл Қосанованың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен, арқан тарту, армрестлинг және гір көтеру бойынша спорттық жарыстармен жалғасты. Әрине, дәстүр бойынша барлық қонақтарымыз мерекелік дастархан басына жиналды.
Луиза ИБРАГИМОВА