АҚШ-тың Аризона штатында жүргізушісі жоқ Uber көлігі алғаш рет кісіні қағып өлтірді, деп хабарлайды CNBC.
Оқиға 19 наурызда таңертең болыпты.
Полиция хабарлағандай, велосипед мінген 49 жастағы әйел тиісті емес жерден жолды кесіп өтіп бара жатқанда көлік астына түскен.
Көлік автопилот режимінде кетіп бара жатқанымен, жүргізуші орнында жолаушы отырыпты.
"Біз полиция жұмысына толыққанды ықпалдастық етіп отырмыз. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз. Жүргізушісі жоқ көліктер сынағы тоқтатылды", — деп пікір білдірді Uber.
Дереккөз: sputniknews.kz