Атырау, 29 қараша 18:28
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Трамп Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтаудан бас тартты

2 297 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинді президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтамады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Трамптың баспасөз хатшысы президент ұшағының бортында тұрып журналистерге Вашингтон үшін Путиннің жеңіске жетуі тосынсый болмағанын және Кремльге қоңырау шалу алдын ала жоспарланбағанын жеткізді. Десе де, АҚШ-тың Ресеймен қажетті салалардың барлығында бірлесіп жұмыс істейтінін жасырмады.

«Біз Ресеймен қарым-қатынасымызды дамытамыз. Бірақ біздің мүдделерімізге теріс әсерін тигізетін қадамдарға барса, бұл үшін жауап береді. Біз үшін бұл сайлаудың нәтижесі таңғаларлық болған жоқ», - дейді Гидли.

Батыс лидерлері Владимир Путинді құттықтауға асықпады. Бірінші болып Кремльге құттықтау телеграммаларын Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, Әзербайжан, Белоруссия, Армения, Венгрия, Өзбекстан, Венесуэла, Түрікменстан, Қазақстан, Тәжікстан, Куба, Молдова, Қырғызстан, Абхазия және Оңтүстік Осетия лидерлері жіберді.

Еуропалық Одақ сайлау кезінде сайлау процесінің бұзылуына жол берілгендігі үшін алаңдап отырғанын туралы мәлімдемені халыққа жария етті.

«Біз Ресей сайлау кезіндегі бұзушылықтар мен кемшіліктерді ретке келтіреді деп күтеміз», - делінген ЕО мәлімдемесінде.

Франция президенті Эммануэль Макрон да Кремльге қоңырау шалды. Бірақ Путинді құттықтамай, тек елді жаңғыртуда сәттілік тіледі, деп жазды франциялық ақпарат құралдары.

Мұнымен қоса, Макрон Ресейдің Сириядағы жақтастарына: Шығыс Гутадағы Башар Асадтың үкіметтік әскерилеріне және Африн ауданындағы түрік армиясына уайымдайтынын айтты.

Ал Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Макрон Ресей президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтапты.

«Иә, құттықтады», - деді Песков.

Германия канцлері дүйсенбі күні кешке Владимир Путинге жеделхат жолдады.

«Қайта сайлануыңызбен құттықтаймын. Қазір қалай да болмасын екі ел арасындағы қатынасты алға тартып бір-бірімізбен диалогты жалғастыру маңызды», - деп жазды Ангела Меркель.

Бұған дейін Меркельдің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберт Берлин мен Мәскеу арасында бірнеше түсініспеушілік, оның ішінде Ресейдегі саясаттан бастап Украинаның шығысы мен Сириядағы қақтығыстарға дейін түрлі мәселе барын айтқан.

«Дегенмен, Ресеймен байланысты жалғастыру – біз үшін өте маңызды», - деп қосты ол.

Сонымен қатар, Путинге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ресми құттықтау жолдады.

Дереккөз: Baq.kz

20 наурыз 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.