Атырау, 29 қараша 18:28
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ФБР директорының бұрынғы орынбасары зейнетке 26 сағат қалғанда жұмысынан кетті

1 703 просмотра


Эндрю Маккейб ФБР директорының бұрынғы орынбасары қызметінен зейнетке шығуы тиіс болатын. Дегенмен, шенеунікті 1 тәулік 2 сағат бұрын Бас прокурор Джефф Сессий қызметінен босатты. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы кездері Маккейб президент Дональд Трамп қызметіне қатысты теріс пікірін айтып, Әділет департаментінің жұмысына қатысты негізсіз ақпарат беріп отырған. Осылайша, ішкі тергеушілердің жұмысына теріс ықпал етіп, адастыруға итермелеген.

«Менің абыройыма нұқсан келтіру үшін жасалып отырған бұл әрекет жеке басыма ғана емес, ФБР-ға жасалған қастандық деп ойлаймын» дейді Маккейб.

Ал бұл қызметтен босатылу туралы шешімге Твиттер әлеуметтік желісінде президент Трамп өз ойын былай білдірді:

«Эндрю Маккейб жұмыстан кетті, демек бұл күн еңбек сүйгіш ФБР қызметкерлері үшін, демократия үшін ұлы күн болып тарихта қалмақ».

Маккейб осы жексенбіде 50 жасқа толып, зейнетке алдын-ала шығу құқығына ие болатын еді. Бірақ жұма күні жұмыстан шығып қалуы 20 жылдан астам тер төгіп, жинаған зейнет қорына қауіп төндіріп тұр.

Дереккөз: Baq.kz

20 наурыз 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.