Атырау, 19 мамыр 15:18
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Макрон Путинді Скрипальді улауға жауаптыларды анықтауға шақырды

1 439 просмотра


Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, оны Ұлыбританияда Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызының улануына қатысты жайтты тергеуге көмектесуге шақырды. Франция президенті баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде Макрон Ресей президентін Скрипальді улауға жауаптыларды анықтауға, химиялық зат жасауға қатысты кез-келген зерттеуге бақылау орнатуға және ол туралы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымға хабарлауға шақырды.

Эммануэль Макрон Владимир Путинге Ресейді саяси, демократиялық және экономикалық және әлеуметтік салада модернизациялауда» табыс тіледі.

Владимир Путинді президент болып қайта сайланғанымен алғаш болып Қытай, Куба, Боливия, Венесуэла, Сербия және ТМД-ның бірнеше елінің басшылары құттықтады.19 наурыз күні Путинді Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер құттықтады. Германия канцлері Ангела Меркельдің өкілі канцлер таяуда Путинге құттықтау жеделхатын жолдайтынын және хатта Ресей мен Германия саясаты арасында әлемдік саясат проблемаларына , оның ішінде Украина мәселесіне қатысты үлкен қайшылық бары айтылатынын хабарлаған.

Наурыздың 4-і күні Солсберидегі сауда орталығы маңындағы орындықта ес-түссіз жатқан жерінен табылып, ауруханаға жеткізілген Сергей Скрипаль мен қызы Юлия содан бері өз-өзіне келмеген. Тергеушілер қастандық ұйымдастырушылар "Новичок" деп аталатын жүйкені жансыздандыратын зат қолданған деген болжам айтады.

Ұлыбритания билігі әкелі-балалы Скрипальдарды улауға қатысты Мәскеуді айыптап, ресейлік 23 дипломатты елден шығаратыны туралы мәлімдеген. Айыпты жоққа шығарған Ресей де оған жауап ретінде 23 ағылшын дипломатын елден шығару және Ұлыбританияның білім және ғылым саласы бойынша шетелдермен байланыс жөніндегі бейсаяси ұйымы – Британ кеңесінің Ресейдегі өкілдігін жабу туралы шешім қабылдаған.

Дереккөз: azattyq.org

20 наурыз 2018, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.