Атырау, 14 желтоқсан 14:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Гватемала Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшірмек

1 668 рет қаралды


Гватемала билігі мемлекеттің Тель-Авивтегі елшілігін мамыр айында Иерусалимге көшіруге ниетті.

Олар АҚШ өз елшілігін Иерусалимге көшірісімен, екі күннен кейін дәл сол істі қайталайтынын айтқан. Бұл туралы Гватемала президенті Джимми Моралес мәлімдеді. Ол өткен жылдың желтоқсанында елдің Сыртқы істер министрлігіне елшілікті көшіру туралы жұмыстарды бастауға бұйрық бергенін хабарлаған. Моралес мұндай қадамға АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін барып отыр. Ол 6 желтоқсан күні Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындады. Осыдай кейін Таяу Шығыста толқу басталып, палестиналықтар жаппай ереуілдер өткізді.

Джимми Моралес, Гватемала президенті:

- Гватемаланың Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру туралы шешім қабылдадық. Осы жылдың мамыр айында Израильдің 70 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Менің бұйрығым бойынша, АҚШ қашан елшілігін көшіреді, содан екі күннен кейін біздің елшілігіміз де Иерусалимге қоныс аударады.

Дереккөз: 24.kz

6 наурыз 2018, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.