Атырау, 14 желтоқсан 09:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Барселонада корольге қарсы наразылық шеруі өтті

1 983 рет қаралды


Барселонада жаппай ереуіл кезінде 19 адам жарақат алды. Қазір олардың барлығы да ауруханада жатыр.

Бас көтеруге король Филипп VI-ның шаһарға келуі себеп. Монарх ірі телекоммуникация көрмесі - Дүниежүзілік мобильді конгреске келген. Ал Каталония тәуелсіздігін қолдаушылар оның бұл қадамын құп көрмеген сыңайлы. Шеруді «республиканы қорғау комитеттері» ұйымдастырып отыр. Олар Каталонияның тәуелсіздігі үшін үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып, Мадридке қарсы саясат жүргізіп келеді. 

Магдалена Виллела, жергілікті тұрғын:

- Король Филипп Каталонияның егемендігіне қарсы. Референдум кезінде ол бізге қарсы жасалған әрекеттерді қолдады. Көшбасшыларымызды қамауға алған кезде ол тіс жарып, ештеңе айтпады. Тіпті зардап шеккендердің хал-жағдайын да сұрастырмады. Түптеп келгенде каталондықтардың болашағы оны алаңдатпайды.

Дереккөз: 24.kz

27 ақпан 2018, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.