Атырау, 14 желтоқсан 09:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Түркия Ауғанстанда «Гүленге қатысы бар» мектептерді бақылауға алды

1 866 рет қаралды


Түркия Ауғанстанда АҚШ-а тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленмен байланысы бар ұйым басқаратын 12 мектепті бақылауына алды.

Ауғанстандық оқушылар мен ата-аналардың наразылығына қарамастан, енді ауған-түрік мектептерін Түркияның мемлекеттік «Маариф» білім қоры басқарады. Бұған дейін ауған-түрік мектептерін Ауған-түрік CAG Білім беру (ATCE) үкіметтік емес ұйымы басқарған еді.

Анкара Фетхулла Гүленді 2016 жылы жазда Түркияда іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды. Бірақ Гүлен бұған қатысы барын терістейді.

Өзін тәуелсіз ұйым санайтын ATCE 1995 жылдан бері бірнеше қалада, оның ішінде Кабул, Мазар-и Шариф, Кандагар мен Гератта бірнеше мектептің қызметін басқарған.

26 ақпан күні Кабулда өткен мектепті басқару құқығын Түркияға тапсыру салтанатына Түркия білім министрі Исмет Йылмаз бен Ауғанстан білім миинстрі Мохаммад Ибрахим Шинвари қатысты.

Ауғанстан білім министрлігінің хабарлауынша, Түркия мектептерді басқару құқығын иеленудің қарымтасына Ауғанстанда мектептер санын екі есе арттыруға, жаңа, кәсіби білікті оқытушылар тартуға, оқу ақысын арзандатуға және ауғандық оқушыларға көбірек стипендия тағайындауға уәде берді.

Дереккөз: azattyq.org

27 ақпан 2018, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.