Атырау, 29 қараша 14:38
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Өзбекстан билігі экс-Бас прокурордың ұсталғанын растады

1 752 просмотра


Өзбекстанның экс-Бас прокуроры Рашид Кадыров. Өзбекстан құзырлы органдары бұрынғы Бас прокурор Рашид Кадыровтың ұсталғанын растады.

Өзбекстан Бас прокуратурасы таратқан мәлімет бойынша, Рашид Кадыровтың үстінен Өзбекстан Қылмыстық Кодексының 165 (Бопсалау), 205 (Қызметін асыра пайдалану) және 210 (Аса ірі көлемде пара алу) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Узметроном» басылымының хабарлауынша, Рашид Кадыровты Өзбекстан шекара қызметі сақшылары 22 ақпан күні Ташкент әуежайында ұстаған елден кетейін деп тұрған жерінен ұстаған. 

Ал оның ұлы Әлішер Кадыров осыдан он күн бұрын елден кетіп қалған. Жалпы, Шавкат Мирзиеев билік басына келгелі бері Өзбекстан жоғары билік элитасында «тазарту» жұмыстары жүргізілуде. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятовты қызметінен босатылып, бұрынғы Ішкі істер министрі Адхам Ахметов тұтқындалған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

26 ақпан 2018, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.