Атырау, 29 қараша 14:23
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Қытай төрағасының билікте отыру мерзімін шектеу алынып тасталуы мүмкін

3 407 просмотра


Қытай коммунистік партиясының Орталық комитеті елдің Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды жария етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.   

Осы жылдың 26 қаңтарында қабылданған құжатқа сәйкес, ҚХР негізгі заңына Си Цзиньпиннің ҚКП 19-шы съезінде айтқан қытайша социализм туралы идеясы, сондай-ақ ғылыми даму тұжырымдамасы, қытай ұлтының қайта өркендеуіне талпынысы мен экоцивилизациялық құрылыс түсініктері бойынша өзгерістер енгізілмек. 

Қытайша социализмді сипаттайтын Конституцияның 1-бабы ҚКП жетекшілік рөлі деп аталады. Ұсынылып отырған түзетулер мемлекеттік қызметшілердің елдің Конституциясы алдында адалдығы туралы халық алдында ант қабылдауын, сондай-ақ Қадағалау жөніндегі ұлттық комиссияны ҚХР мемлекеттік  органдарына қосуды көздейді. 

Қытай заңнамасына ұсынылып отырған негізгі түзетулердің бірі Конституцияның 79-бабы 3-абзацын, яғни ҚХР төрағасы мен төраға орынбасары үшін екі рет қатарынан сайлануын шектеу болып табылады. Бұл өзгеріс ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпинге өзінің өкілеттілігі аяқталатын 2023 жылдан кейін де елді басқаруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: inform.kz

26 ақпан 2018, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.