Атырау, 29 қараша 14:34
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Буэнос-Айрестегі Ресей елшілігінде 389 келі есірткісі табылды

1 434 просмотра


Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі Ресей елшілігінде 389 келі кокаин есірткісі табылып, 5 күдікті тұтқындалды.

Жергілікті құзыретті органның мәлімдеуінше, тергеу 2016 жылы елшінің дипломатиялық пошта арқылы жібермек болған 16 жол сөмкесі туралы хабарлаған соң басталған. Осыдан кейін екі елдің есірткімен күрес қызметі бірлескен операция жүргізіп, оларды ұнмен ауыстырып қояды. Сөйтіп оған кімдердің қатысы бар екенін анықтайды. Нәтижесінде жергілікті полицей мен тағы бір латынамерикалық елдің тұрғыны тұтқындалады. Сондай-ақ Ресейде үш күдікті қамауға алынды. Тағы бір қылмыскерге іздеу жарияланды. Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Патрисия Буллрич, Аргентинаның қауіпсіздік министрі:

- Тәркіленген кокаинның қара нарықтағы құны 50 миллион еуро тұрады. Бұл арқылы Ресейге тасымалданып жатқан есірткі көлемінің ауқымын байқауға болады.

Дереккөз: 24.kz

23 ақпан 2018, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.