AZATTYQ.ORG. «Депортациядан тарыдай шашылған ингуштар» - 74 жыл бұрын совет үкіметі жүздеген мың шешен мен ингушты "оккупанттармен ауыз жаласты" деп айыптап, Солтүстік Кавказдан депортациялаған болатын. Жер аударылғандардың көбі Қазақстанға түпкілікті қоныстанды. Арада ондаған жылдар өтті, депортация сұмдықтарын бастан кешірген жандардың көбі қазір о дүниелік болған, бірақ ата-бабалары тартқан тауқыметті ұрпақтары ұмытпайды.
QAMSHY.KZ. «Ақышевтің ақылы кімге дәрі?» - Данияр Ақышев Алматыда өткен онлайн-конференцияда халықтың қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында Ұлттық банктің жұмыла жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Тіпті бұл мәселе үшін арнайы стратегия әзірленетінге ұқсайды. Соған қарағанда, қаржылық сауаттылықты көтерудің көкесі әлі алда секілді. Бірақ Ұлттық банк басшысының базынасын түсінуге қанша жерден ойланса да, қарашаның «сауаты» жетпейтін бірер мәселе бар.
ABAI.KZ. «Әзімбай Ғали.Бүгінгі қазақ - мүлде басқа қазақ» - Қоғамтанушы ретінде айтарым, қазақта лингва ұлтшылдық пен діншілдік көтерілу өршуі ықтимал. Бұл ертеңгі күннің мәселесі. Екіншіден, бүгін экзистенциалдық еркіндік, индивидуалдық пен персонализм күшеймек.
INFORMBURO.KZ. «Цифрлы Қазақстан. Ол қандай болады? Біз дайынбыз ба?» - IT алпауыттардың көшіне ілеспек түгілі кәдімгі технологияны игеру қиын болып тұр. Осы мәселені шешу үшін тапсырмалар берілді. Енді қалай жүзеге асады?
EGEMEN.KZ. «Тарих оқулықтарының тілі ауыр, деректері қате» - Биылғы оқу жылынан бастап жаңа форматқа көшкен 5-7 сыныптарда тарих пәнінен сабақ беремін. Бұл сыныптардың оқулығында олқылықтар аз емес. Әсіресе, 5-сыныптың «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқушылар меңгере алмай, қиналуда. Ең басты себеп, бағдарлама оқушылардың жас мөлшеріне сай емес. Яғни жүктемені азайтып, оқуды жеңілдетеміз дегеніміз кері әсер етуде.
SERKE.ORG. «Ұлтшыл патриот қаншаға сатылды?» - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен дайындалған жаңа Жер кодексін («Жер кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы) шыр-пыр болып қорғап жүргендердің бірі әрі бірегейі – ұлтшыл патриот Мұхтар Тайжан. Бұдан бір-екі жыл бұрын биліктің кез келген бастамасына қарсы шығып, бітіспес оппоненттей кейіп танытып Алматыда жүрген ұлтшыл патриот аяқасты 180 градусқа кілт бұрылып, осы заң жобасын министрлік мамандарымен бірлесіп дайындау үшін Астана қаласына көшіп алды.
365INFO.KZ. «Шаяхметова құтқара алады….» - Ақышевтың орнына кім келгелі жатыр? Естеріңізде болса, Қазақстан банктерін құтқару жөніндегі тарихи операция осыдан 10 жыл басталған еді. Алайда ол тек ел басшылығының Ұлттық қордағы қаржыны пайдалану туралы шешімінің арқасында мүмкін болды. Қызық болғанда Ұлттық банк «бұл процесс әлі аяқталған жоқ» дейді.
DALANEWS.KZ. «Билікпен соттассаң ұтыласың. Неге?..» - Сот пен құқық саласына қатысты қоғам ішіндегі сенімсіздік пен күдік сейілер емес. Неге?
«Сапарбаев Керекуге келе ме?» - Бізде «топовый» саясаткерлер деген бар. Қазір бәрін рейтинг анықтайды. Сол секілді «топовый» саясаткерлерді де анықтайтын рейтинг.
«Мұның қалай, Қанат?» - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Америкаға аттаныпты. Оның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің инстаграмдағы парақшасында «Бұйыртса, жақсы жаңалық күтіңіздер» деген жазба қалдырыпты. Күтеміз.
SPUTNIKNEWS.KZ. «Мұхтар Тайжан қытайлардан неге қорықпау керек екенін айтты» - Мен мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында мұндай норма атымен жоқ екеніне жүз пайыз сенімді болып отырмын ғой. Енді мұны қалай дәлелдеуім керек? Ойлана келе ашық жиналыс өткізуге бел будым. Жиынға заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынған ауыл шаруашылығы министрлігінен вице-министрді, жер комитеті төрағасының орынбасарын шақырдым. Олар ресми тұлғалар, жиында "жерді сату немесе шетелдіктерге жалға беру туралы" норма жоқ екенін ашық айтты. Кейін осы заң жобасын қабылдап отырған депутаттарға сөз бердім. Олар да заң жобасында мұндай сөз жоқ екенін қадап айтты.