Атырау, 28 қараша 13:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Несиенің нәсібі

2 667 просмотра

Жас кәсіпкер Ержан ҚУАНЫШЕВТІҢ (суретте) моншасы бүгінде тек Жұмыскерге ғана танымал емес, оған булануға алыстан да адамдар келіп жатады. Ол моншаны «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында селодағы кәсіпкерлікті шағын несиелеудің арқасында ашқан болатын. 

- Мен  бұл құрылысқа көп күш жұмсадым, - деп әңгімелейді Ержан.  – Алдымен қабырғасын тұрғыздым содан соң, оның ішкі жұмысы мен құралдарды, жиһазды сатып алуға ақшаны қайдан алам деп басымды қатырдым. Шағын несие беретіндігі туралы естіген бойда өтініш беріп тастадым. 3 миллион теңге несие алдым, сөйтіп наурызда-ақ, 50 орынды моншаны ашуға мүмкіндік болды.

Томарлы селосында тұратын ерлі-зайыпты  Дәурен менАйнұр АМАНҒАЛИЕВТЕР 2 млн теңге шағын несие алып, стоматологиялық кабинет ашқан. Олар тек томарлылықтарға ғана емес, Талқайраң және Бесікті ауылының тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Қарақалпақстаннан қоныс аударушы Өскенбай ЖҰМАБАЕВ шағын времянканы жабдықтап, тігін цехын ашып отыр. Цехта оның өзі отбасы мүшелері және көршілерімен бірігіп жұмыс жасайды. Сұраныс бойынша көрпе, мақта матрастар, жамылғы көрпелерді тігеді. Ол 2 млн шағын несиесін бірден шымкенттік жеткізушілерге аударып, өзінің отбасылық ісіне қажетті шығын материалдарын сатып алды. 

- Жыл басынан бері қала маңындағы поселкелер мен селолық округтардың тұрғындары 40 шағын несие алды,-дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр ҚҰСПАНОВА.  – Жеңілдікпен берілген несиенің арқасында адамдар мал шаруашылық, егін шаруашылықтарын, шағын цехтар ашып алып, жолаушылар тасымалын және басқа да жобаларын жүзеге асыруда. Ал, оның ең маңыздысы-  айталық, 30 кәсіпкер өз беттерімен 44 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етті, ал, 8-і олармен әлеуметтік жұмыс орны үшін  келісім-шарт жасасты. Бұл демек, біз жұмыссыздарды осы кәсіпорындарға жұмысқа орналастыра аламыз деген сөз.

- Шағын несиелер селодағы немесе қала маңындағы селолық округтардағы кәсіпкерлікті қолдау үшін бағытталған. Қалалықтар да мұндай несиелерді ала алады, бірақ, олардың бизнесі дәл ауылдық жерлерде болуға тиісті, - деп түсінік береді облыстық жұмыспен қамту, еңбекті үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА. – Айта кету керек, барлық несие алушылар кәсіпкерлік негізі бойынша курстан өтеді.

- Шағын несиені беру үдерісі мынадай: Жұмыспен қамту орталығы ізденушілер құжаттарын шағын несие беру ұйымына тапсырады, бағалау тобы үміткердің кепіл мүлкін тексереді, егер оны қолдаған жағдайда келісілген сомасын қолына береді. Осы жылдан бастап шағын несиелеу бойынша аймақтық өкілетті орган «Атырау» ӘКК болып табылады. Несие (ең жоғарғы мөлшері – 3 млн теңге) жылдық 6% ставкамен 5 жыл мерзімге беріледі.Несиені төлеу мерзіміне жеңілдік қарастырылған, яғни, жеңілдік кезеңінде заемшы тек несие бойынша сыйақысын ғана төлеп отырады. Бұл бағдарлама бойынша берілетін несиелер сауда саласындағы бизнеске, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және басқа несиелерді жабу үшін берілмейді. Жалпы сомасы 212 млн теңге болатын шағын несиені Атырау облысында 107 тұрғын алып үлгерді. Биылғы жылы жалпы сомасы 390,3 млн теңге болатын 255 несие беру жоспарланып отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА, суретті түсірген автор

23 мамыр 2012, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.