Атырау, 29 қараша 14:35
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Еурокомиссия бірнеше компанияға 546 млн еуро айыппұл салды

1 861 просмотра


Еуропа комиссиясы теңізде автомобиль тасымалдау және қосалқы бөлшек жеткізу саласындағы картельдік сыбайластық  жасағаны үшін бірнеше компанияға 546 млн еуро мөлшерінде айыппұл салды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Чилидің CSAV компаниясы, Жапонияның K Line, MOL және NYK тасымалдаушылары, сондай-ақ WWL-EUKOR норвег-швед компаниясына жалпы 395 млн еуро мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

ЕК мәліметтеріне қарағанда, 2006-2012 жылдар аралығында аталған компаниялар өз қызметтерін үйлестіріп, бағаны өзара келісіп отырған, клиенттерді де өзара бөлісіп алған. 

Еуропа комиссияның екінші шешімімен Bosch (Германия), Denso және NGK (екеуі де Жапониянікі) компанияларына жалпы 76 млн еуро мөлшерінде айыппұл салынды. Бұлардан бөлек, айыппұл салынғандар арасында TRW,  Continental компаниялары да бар.

Дереккөз: inform.kz

22 ақпан 2018, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.