Атырау, 14 желтоқсан 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Трамп ұңғысы кесілген автоматтарды АҚШ-та қолдануға тыйым салмақ

1 741 рет қаралды


Атуға ынғайланып, ұңғысы кесілген автоматтарды АҚШ-та қолдануға бұдан былай тыйым салынуы мүмкін.

Ел президенті Дональд Трамп осыған бағытталған меморандумға қол қойды. Өйткені өткен жылдың қазан айында Стивен Пэддок есімді азамат Лас-Вегас қаласында көпшілікке оқ жаудырып 58 адамды мерт қылды. Бір апта бұрын Николас Круз есімді жас жігіт өзі оқыған мектепте атыс шығарып, 17 адамды жер жастандырды. Бұлардың екеуінде де атуға ыңғайланған қару болған. Осыдан кейін жергілікті жұрт қару саудасына мүлде тыйым салу керектігін айтып ереуілдер ұйымдастыра бастады. Ал бұған дейін осы заңды қатаңдатуға қарсы болып келген Дональд Трамп Флоридадағы жағдайдан кейін өз ұстанымын өзгертті.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Парклендтегі атыс халық жүрегіне қара дақ салды. Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң шаралар қабылауымыз керек. Өйткені бұл – біздің міндетіміз. Нақты іс-әрекет жасағанда ғана жағдайды өзгерте аламыз.

Дереккөз: 24.kz

21 ақпан 2018, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.