Атырау, 26 қараша 11:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Люк дұрыс жабылмаған

Сурет Бейнежазба
3 484 просмотра


Бүгін, 20 ақпанда, түсқайта Bek Air әуе компаниясының Алматы-Атырау рейсінің жолаушылары Атырау әуежайына аман-есен қонды. Осы бағытқа шыққан компанияның бірінші ұшағы бірнеше сағат бұрын Таразға шұғыл қонған болатын.

Бортында 106 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар 1995 жылы шығарылған Fokker-100 ұшағы «Әулие-Ата» әуежайына сағат 07.20-да шұғыл қонды. Әуе компаниясының бас директоры Сырым ОМАРЖАНОВ телефон арқылы айтқан алдын ала себеп -  қысымды көтеру жүйесінде ақау орын алған, басқаша айтқанда –салонда саңылау пайда болған. Әуежай қызметкерлерінің бірінің айтуынша, ұшақтың жүк люгының қақпағы дұрыс жабылмаған. Экипаж ұшақты шұғыл қондыру туралы шешім қабылдапты.

Компания Алматыдан Таразға резервтік бортты жолдап, ол сағат 12-де қатты абыржыған жолаушыларды жету нүктесіне алып келді.

Рейстегі жолаушылар бір сәтте өткір ащы иісті сезгендерін айтады, алайда салонда түтін болмаған. Сол сәтте, орындықтардың төбесінен оттегі демперделері түсіріліп, адамдар соны пайдаланған.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

20 ақпан 2018, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.