Атырау, 8 мамыр 01:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Америкалық оқушылар қару-жарақты сатуды шектеуді талап етті

1 146 просмотра


Флорида штатындағы мектепте болған қырғынға байланысты Вашингтонда жоғары мектеп оқушылары наразылық акциясын өткізді.

Шараға қатысушылар биліктен қару-жарақты сатуды шектеп, бақылауды күшейтуді талап етті. Ақ үй алдындағы алаңға жиналғандар елдің туын көтеріп, «Мен келесімін» деген үнпарақшалар ұстап ұрандаттты. Сондай-ақ шәкірттер «Ұлттық атқыштар қауымдастығына» қарсы наразылықтарын білдірді. Өйткені бұл ұйым қару-жарақты шектеуге қарсы әрекет етіп келеді. Ал мұндай шара Флорида штатындағы бірнеше қалада да жүрді. Оған мыңдаған мұғалім мен оқушы қатысты.

Еске сала кетейік, ақпанның 14-і күні Паркленд қаласында 19 жастағы Николас Круз есімді жігіт өзі оқыған мектепке барып оқушылар мен мұғалімдерді атқылап, 17 адамды мерт қылады. Тергеу барысында қаскөйдің мектептен шығарылып, бақылауда жүрсе де суық қаруды оп-оңай алғаны анықталады.

Даниель Шорт, мектеп қызметкері:

- Өзімді жұмыста қауіпсіз сезінбеймін. Мектептерде қауіпсіздікті күшейтіп, жаттығулар өткізіп тұру қажет. Қазір оқушылар тек өрт кезінде қалай әрекет етуге ғана дайындылады. Біз балаларымыздың өмірін сақтау үшін барлық шараны қолға алуымыз тиіс.

Дереккөз: 24.kz

20 ақпан 2018, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.