Атырау, 28 шілде 23:56
 дождьВ Атырау +32.4
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

​Латвияның Орталық Банк төрағасы тұтқынға алынды

1 865 рет қаралды


Латвияның Орталық Банк төрағасын елдің жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі тұтқынға алды. 

Елдің Қаржы министрі тергеу жүріп жатқан кезде Илмарс Римшевичтен (Ilmars Rimsevics ) өз еркімен орнын босатуын сұрады, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі. 

Төрағаны тұтқынға алуға байланысты нақты ешқандай ақпарат жарияланбады. Римшевич сонымен қатар Еуропалық Орталық Банктің басқарма кеңесінің мүшесі. Әлемдік дағдарыс салдарынан өндірісінің 1/5 бөлігін жоғалтқан Латвия енді есін жинап келе жатқанда, Орталық Банк төрағасының жемқорлықпен күрес агенттігіне ұсталуы ел экономикасына зиянын тигізе ме деген қауіп бар. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

20 ақпан 2018, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.