Атырау, 3 мамыр 20:27
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Сирияда 71 бейбіт тұрғын қаза тапты

1 478 просмотра


Сирияның Шығыс Гута аймағында үкімет әскерінің бомбалауынан соңғы 1 күн ішінде 71 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Тағы 320-дан астам адам жараланған. Бұл туралы Лондонда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылаушы орталық мәлімдеді. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, үкімет жасақтары оппозициялық күштер бекінген өңірдегі қалаларға әуеден соққы беріп, зеңбіректермен атқылаған. Бірақ әскерилер бұл жайында әлі жақ ашпай отыр. Ал үкімет әскері Дамаскке жақын жатқан бұл аймақты 2013 жылдан бері қоршауда ұстап, шабуылдап келеді. 

Соңғы айларда оппозиция жасақтарына қарсы қимыл үдеген. Ресми мәліметке қарағанда, қоршаудағы өңірде өмір сүріп жатқан тұрғындардың саны 400 мыңнан асады.

Дереккөз: 24.kz

20 ақпан 2018, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.