Атырау, 25 қараша 00:13
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Халық санағы хақында

6 689 просмотра

Егер естеріңізде болса, мойындарына көк бөкебай оранып  алған адамдар атыраулықтарды өткен жылдың ақпан айында санаққа алған болатын. Содан бері бірнеше ай бойына статистика бүкіл аймақтардан түскен мәліметтерді өңдеген еді. Таяу күндері, бір жыл өткен соң, жұртшылыққа дайын өнім ұсынылды. Жинақ «2009 жылғы ҚР халқының санағы. Қысқаша қорытындылар» деп аталады.

Қазақстандықтар көбеюде. Сараптамашылар тіпті 2020 жылға қарай біздің санымыз 18 миллионнан асып кетеді деседі. Атырау облысында, мәселен, 10 жыл ішінде (1999-2009) халық 70 мың адамға толыққан.  

Аймақ бөлінісі бойынша жеке этностарды санау кезінде қызықты көрініс анықталған. Атыраудағы түріктер саны 200 адам деп есептелген. Есесіне Алматыда олардың саны Атыраудағы орыстардың саны секілді 34 мың адамдай болған екен. Ал өзбектер саны, ресми мәліметтер бойынша, мыңнан сәл астам.

Айта кетелік, Арнаулы автобаза директоры Дулат ТҰРҒАМБАЕВТЫҢ айтуынша, КМК штатында 450 адам жұмыс істейді, олардың барлығы жергілікті тұрғындар екен.

Алғаш рет санақ қағазында діни сенімі туралы да сұрақ пайда болған. Еліміздегі халықтың 70 пайызынан астамы – мұсылмандар, 26,2 пайызы – христиандар, негізінен православиеліктер. «Сіз мемлекеттік тілді білесіз бе?» деген де сұрақ бар. 1999 жылғы нұсқасы: білемін, нашар білемін, білмеймін, үйреніп жүрмін деген жауаптар болатын. 2009 жылғы нұсқада: ауызша түсінемін, еркін оқимын, еркін жазамын деген жауаптар болған. 

Қазақстан халқы- 16 миллион 4,8 мың адам. Дегенмен, ҚР статистика агенттігінің төрағасы Әлихан СМАИЛОВ халықтың барлығын дерлік санаққа алу мүмкін емес екендігін жасырмайды. Сарапшылардың алдын ала бағалаулары бойынша, есептеушілер 150 000-нан 160 000 адамға дейін есепке алмаған. 

Жинақтың электронды нұсқасы ҚР статистика агенттігінің сайтында – www.stat.kz берілген.

Дайындаған Анастасия ПАСТУХОВА

«АЖ» мәліметінен

Қатынның аты қатын…

…Алғашқы және революцияға дейінгі бірден бір халық санағы Ресей империясында 1897 жылдың 9-шы ақпанында (ескі стиль бойынша 28-ші қаңтарда) жүргізілген. Санақ қағаздарын толтыру кезінде әйелінің аты-жөні туралы сұраққа деревня мұжықтары: «Қатынның аты қатын, басқаша атауы жоқ оның!» деп жауап берген екен. Ал Николай ІІ «кәсібі» деген жерге «орыс жерінің қожайыны» деп көрсетіпті.  

…1937 жылғы санақ кезінде дінге сенімі туралы сұраққа кеңес азаматтарының жартысынан көбі сенеміз деп жауап берген. Бұл факт атеистік мемлекет құрушы ел басшыларына соққы болып, санақ қорытындысы құпияландырылған болатын. 

КСРО халқының санағы кезінде 1979 жылы санақшыларды тек сауалнаманы толтырып қана қоймай, барлық отбасы мүшелерін отбасылық сатылау тәртібімен сапқа тұрғызу жұмыстары күтіп тұрды. Сауалнаманың бірінде: «жанұя басшысы» (олар ұзақ әрі шатақ шығарып, қайсысының басшы екенін анықтаған), ал қалған жағдайларда – жанұя басшысының ұлы, жанұя басшысының әйелі деп жазылып кете берген.

…Соңғы халық санағында Австралияда 70 мыңнан астам адам «діни сенімі» деген бағанға «Джедай діні» деп жазған. Бұл ол жерге көрінеу қате мәліметті көрсету әкімшілік қылмыс боп есептелетіндігіне қарамастан жасалған.

27 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.