Атырау, 14 желтоқсан 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Нидерландыда азаматтар өлгеннен кейін автоматты түрде донорға айналатын заң қабылданды

1 550 рет қаралды


Донор ретінде тіркелмеген әрбір ересек азамат өлімінен кейін дене мүшелерін қайырымдылыққа жұмсауға әзір ме әлде жоқ па сұрағы қойылатын хат алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Нидерландыдағы сенаторлар мемлекет азаматтары 18 жастан асқан соң ерікті түрде донор бола алатын жаңа заң қабылдады. Яғни азаматтың өлімінен кейін дене мүшелері науқастарға берілуі үшін ол көзі тірісінде бұған рұқсат беруі тиіс. Аталған құжатқа төменгі палата 2017 жылы дауыс берген болатын. Ал оны Нидерланды парламентінің жоғарғы палатасы қабылдады.

Заң жобасының авторы Пиа Дейкстра мұндай заңның Бельгия және Испания елдерінде бар екенін айтып өтті. Жоғарыдағы сұраққа «Иә», «Жоқ» немесе «Мұны жақындарым шешеді» жауабын таңдауға болады. Анкетаның екі сұрағына жауап бермегендер автоматты түрде донорға айналады. Бірақ, көзі тірісінде статустарын міндетті түрде өзгерте алады

Дереккөз: Baq.kz

19 ақпан 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.