Атырау, 14 желтоқсан 05:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Дағыстандағы атысты атышулы террорлық топ мойындады

2 075 рет қаралды


Дағыстанның Кизляр қаласындағы атысты «Ирак және Левант лаңкестік тобы» мойнына алды. Бұл туралы содырлардың ақпараттық белсенділігін бақылайтын ұйым хабарлады.

Бұған дейін белгілі болғандай қаскүнем 22 жастағы Халил Халилов есімді жергілікті тұрғын болып шықты.

Ресейлік БАҚ хабарлауынша, ер адам «Ирак және Левант лаңкестік тобы» мүшесі болған. Ол ұйымға шамамен бір жыл бұрын кіріпті.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам Масленица діни мейрамынан кейін шіркеуден шығып келе жатқандарды мылтықпен атқан. Салдарынан 5 әйел адам қаза тапқан. Тағы 4 кісі жараланды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары лаңкесті атып өлтірген.

Дереккөз: 24.kz

19 ақпан 2018, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.