Атырау, 14 желтоқсан 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Әзербайжан ОСК президент сайлауына 12 үміткерді тіркеді

2 134 рет қаралды


Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 11 сәуірде өтетін кезектен тыс президент сайлауына 12 үміткерді тіркеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Әзербайжандағы меншікті тілшісі. 

ОСК Әзербайжан Республикасының қазіргі президенті Илхам Әлиевтің, «Біртұтас Әзербайжан» Халық фронты партиясының төрағасы Гудрат Гасангулиевтің, «Ұлттық жаңғыру қозғалысы» партиясының лидері Фарадж Гулиевтің, «Әзербайжан Социалды-демократиялық партиясының» басшысы Араз Әлизаданың, «Заманауи Мусават» партиясының басшысы Хафиз Гаджиевтің, «Либералды-демократиялық партияның» басшысы Фуад Әлиевтің, Майдангерлер бастамашыл тобының атынан Рази Нуруллаевтың, Адвокаттар алқасының мүшесі Анар Умудовтың, «Ақ партия» басшысы Турал Аббаслының, парламент депутаты Захид Орудждың, сондай-ақ өзін-өзі ұсынған Асиф Мамедов пен Эльшан Гасановтың кандидатураларын бекітті. 

Еске сала кетейік, Әзербайжанда кезекті президент сайлауы 2018 жылғы 17 қазанда өтуі тиіс еді. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында ел президенті И. Әлиев 2018 жылғы 11 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы өкімге қол қойды. 

2016 жылдың күзінде ӘР Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ел президенті 7 жыл мерзімге сайланады. «Жаңа Әзербайжан» билеуші партиясы 8 ақпанда өткен съезде И. Әлиевтің кандидатурасын бекіткен.

Дереккөз: inform.kz

19 ақпан 2018, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.