Атырау, 14 желтоқсан 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Мәскеуде Путин туралы акция өткізген адам ұсталды

2 196 рет қаралды


Мәскеуде 18 ақпан күні күндіз Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) кеңсесінде акционист Виктор Пашин ұсталды. 

Ол «Алдамшылық» деп аталатын перформанс көрсеткен. Ол ФСб кеңсесі алдында «Путин» деп жазылған үлкен шар «киіп» шықты. Ол шарға «Хватит» және «Гниль» деп жазылған шарлар байланған. Бұл жайында ОВД-Инфо басылымына Виктор Пашиннің серігі Анна Завражнова хабарлады.

Акция туралы хабарламада оның президентке қарсы және билік ауысуы мен барлық адамның заң алдында теңдей болғанын қолдау мақсатында ұйымдастырылғаны айтылады.

Завражнованың айтуынша, Виктор Пашинді «Мещанский» полиция бөліміне алып барып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны ұшін ұсталғаны туралы хаттама толтырған.

 Дереккөз:azattyq.org

19 ақпан 2018, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.