Атырау, 14 желтоқсан 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Саакашвили жақтастары Порошенконың отставкаға кетуін талап етті

2 767 рет қаралды


Михаил Саакашвили жақтастары Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап етті – деп хабарлайды Америка даусы ақпарат агенттігі. 

Агенттік мәліметінше, ақпан айының 18-і күні Михаил Саакашвили жақтастары Киев қаласының орталығында ел президенті Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап етіп қарсылық акциясын өткізген. Шеруге қатысушылардың арасында бір топ Украина ұлтшылдары болған. Олар қарсылық акциясы аяқталғаннан кейін екі ресейлік банк пен «Ресей әріптестік» компаниясының ғимаратына шабуыл жасаған. 

Естеріңізге салайық, 12 ақпан күні Михаил Саакашвили Киев қаласында ұсталып Польшаға депортацияланған болатын. Кейіннен ол өзінің Украина аумағынан депортациялануының артында ел президенті Петр Порошенко тұрғандығын айтып, Германия канцлері Ангела Меркель мен Еуроодақтан көмек сұраған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

19 ақпан 2018, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.