Атырау, 14 желтоқсан 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Иранда жолаушылар ұшағы құлады

2 124 рет қаралды


Иранда құлаған ұшақтың жолаушылары арасында қазақстандықтар бар ма Иранда жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады РИА Новости. 

Агенттіктің хабарлауынша, ұшақ Иранның Исфахан провинциясындағы Семиром қаласының маңында апатқа ұшыраған. "Ұшақ Тегеран - Ясудж рейсін орындаған. Түрлі мәліметтер бойынша, бортта алпыстан жүзге дейін адам болған", - делінген жарияланымда. 

Press TV мәліметтері бойынша, ұшақтың апатты жағдайда ферма маңына қонғанын көргендер бар, сондықтан апаттан аман қалғандардың да болуы мүмкін.  

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Иранда құлаған ұшақ Aseman Airlines әуе компаниясына тиесілі. Компания өзіне тиесілі жолаушылар ұшағының бірінің құлағанын растады.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 ақпан 2018, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.