Атырау, 24 желтоқсан 08:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Масалы маусым басталды

2 719 просмотра

Саша ДЕНИСОВТЫҢ коллажы

Биылғы жылы Атырауда табиғи масалар жоқ. Яғни, әзірше жоқ.  Есесіне, өз өмірлерін жылыжайдағы жағдайға бейімдеп алған жертөлелердегі қансорғыштардың өзі бізге жетіп жатыр. Енді олар табиғаттың басқа заңдарына қарамастан жыл бойына көбейеді.

Залалсыздандырушының айтуынша, олардың көпшілігі ауа-райына байланысты екен. Мәселен, өткен жылы көктем жаңбырлы, сәуір-мамыр айларында бізде Питердегідей ауа-райы болды. Таңертең күннің көзі шықса, түске қарай бұлттанып, кешке жаңбыр жауатын. Соның нәтижесінде қалада соңғы бес жыл ішінде болмаған табиғи масалардың көбеюіне жол ашылды. Жедел шаралар алуға тура келді – үлкен шалшықтарды жойып, арықтардан суды құрғату керек болды. Әйтпесе олар бізге өмір сүруге мүмкіндік бермес еді, өйткені олардың уыты да күштірек. Алайда, соңғылары өздерінің мутациялануға қабілеттілігіне қарай   қауіптірек болып есептеледі. Мәселен, Волгоград облысында көрші Ресейден келген жертөле масалары Батыс Ніл безгегін таратушы болды және соның нәтижесінде бес адам көз жұмды. Ендеше біздің қансорғыштарымыздан да мұны күтуге болады. Табиғатта маусымдық көбеюді есептеу мүмкін емес. Бұрын залалсыздандырушылар соның бәрін өздерінің бастарынан өткеріп жүрді: маман қызметкер жергілікті жерге шығып, бес минуттай қимылсыз тұрып, масалар үшін азық болады. Егер сол кезде оның қолына 5 масадан артық маса қонса, залалдану жоғары деп есептелді. Қазір ескі әдістемелерді қолданбаймыз, масалардың санына қарай, тіпті біреу болса да оларды улаймыз деп сендіреді залалсыздандырушылар. Әдетте, айталық, подъездегі  шаршы метрде 5 масадан көп болса, онда шамадан тыс көп болып есептеледі.

Биылғы көктем керісінше, құрғақ болды, мамыр айының басында бірнеше жыл қатарынан бізде жауын-шашын жауатын еді. Алайда, заласыздандырушылар оған бола босаңсып отырған да жоқ. Ауа-райынан кез-келген уақытта тосын сый күтуге болады.

Тұрғын үйлердің жертөлесіндегі жағдай біраз жұмысты талап етеді.

- Жыл сайын бізде ПИК-мен күрес жүргізіледі. Егер жертөледе аздаған су болса да, оны құрғақ жертөлелер қатарына енгізеді. Ал, біз онда су болмағанмен, азғантай ылғалды қоймалжың балшық болса да оны ылғалды деп есептейміз, өйткені, масалар көбею үшін 3-5 см судың өзі жеткілікті, - дейді «Атырау облыстық дезинфекция» ЖШС бас директорының орынбасары Александр ДУМЛЕР (суретте).

Және бұл жерде іс әдістемеге байланысты болып тұр. Құрғақ жертөлелер түтінмен, ал, ылғалдысына арнаулы ерітінді құйылады. Наурыз айының өзінде-ақ, залалсыздандырушылар санитарлық дәрігерлермен бірлесе отырып, тексеру жүргізді және шамамен 186-дай суға толы, ылғалды (10-20 см) жертөлелерді анықтады. Бүгінгі күні Атырауда улауды қажет ететін сулы алаң  2 208 гектарды құрап отыр. Оның қатарында ашық су қоймалары, суға толы жертөлелер, булану алаңдары  бар. Әсіресе тұрып қалған суға көбірек назар аударылады, ағынды суда дәрнәсілдер дамымайды. Оған қоса бірте-бірте шөпті қабаты және жасыл желектер алаңы көбейе береді. Залалсыздандырушылар болса масалардың тағы бір шоғырлану орны пайда болды деп күрсінеді, ал, қалалықтар баяу болса да қаламыз жасылға айналады деп қуануда. Ашық алаңдар түнде сағат 23-тен бастап таңғы 3-4-ке дейін уланады.

Масалармен күрес үздіксіз жүргізілуде, ал, оның нәтижесі туралы айтуға әзірге ертерек. Жаз енді ғана басталып келеді ғой.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 мамыр 2012, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.