Атырау, 26 қараша 13:48
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Орынбасардың оралуы

2 709 просмотра


15 ақпанда Атырау әкімі Серік ШАПКЕНОВ коммуналдық мәселелер жөніндегі өзінің орынбасары етіп Нұрлан ТАУБАЕВТЫ тағайындады. Бұл лауазым ұзақ уақыт бос тұрған болатын.

Таубаев АтМжГИ түлегі, инженер-геолог мамандығынан басқа, заңгер және экономист мамандығы бар, ағылшын тілін меңгерген.

Жасы 42-де, 90-шы жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген, 2000-2006 жылдары – қалалық ТКШ бөлімінің бастығы, содан кейін екі жыл Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бастығы, келесі төрт жылда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, бір жыл Астанада ұлттық экономика министрлігінде қызметтер атқарған. 2015 жылы Атырауға монополияға қарсы департамент басшысы ретінде оралып, сол жерден қалалық әкімдікке шақырылды. Жалпы, жаңа жұмыс ол үшін таңсық жұмыс емес.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 ақпан 2018, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.