Атырау, 20 қыркүйек 23:05
 дождьВ Атырау +24.6
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Балық саудасына кедергі

Бейнежазба
4 188 рет қаралды


«Кедергі» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде «Атырау-Индер» тас жолында жол-патрульдік полиция ротасы қызметкерлері «Лексус» автокөлігін тоқтатып тексергенде салоннан 800 келі сазан мен 42 келі бекіре тұқымдас балықтар табылған.

Сондай-ақ, Атырау қаласынан бір әйел адам ұсталып, одан жалпы салмағы 25 келі бекіре тұқымдас балық пен 2 келі қара уылдырық тәркіленді. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, Бұларға қатысты ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны ІІД ұсынды

16 ақпан 2018, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.