AZATTYQ.ORG. «"Қоғамдық сананы жаңғыртуға" бөлінген миллиардтар» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр ұсынған "Қоғамдық сананы жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасының бұлыңғырлығы оған сан қилы шараларды "тықпалауға" мүмкіндік береді. Қарапайым мектеп-интернатта кеш өткізу, қияндағы амбулаторияны жөндеу, әліпбиді латын графикасына көшіру және тіпті қазақстандық дизайнерлердің өз коллекцияларымен Париж бен Мәскеуге баруы тәрізді шаралар "жаңғыруға" балануы мүмкін. Мұның бәріне ел бюджетінен ондаған миллиард теңге бөлініп жатыр.
ZHASALASH.KZ. «Қытай қайда бет алды?!» - Қырық жыл қарқынды дамыған Қытай келесі бір жолайрығына жетті. ҚКП-ның ХІХ съезіне дайындық басталғалы бергі бірқыдыру нышандар осыған меңзейтіндей. 2013 жылы билікке келген Си Цзинпин – Қытайдың Маодан кейін билік тұтқаларын бірден өз қолына шоғырландырған екінші КП бас хатшысы, ҚХР төрағасы, ҚХР әскери істер комитетінің төрағасы. Іле-шала елдің экономикалық өмірінің бағытын белгілейтін «экономикалық реформаларды басқару группасын» құрып, оның да басшылық міндетін өзіне алған. Мұны қытай халқы Си төраға ұран қылып көтерген, елді ендей жайлаған жемқорлықты тыюдың кепілдемесі ретінде қабылдаған және соған үміттеніп қолдау білдірген.
«Шен алып, шекпен киген шығармашылық…» - Бүгінде Қазақстан Жазушылар одағында бір өзгерістер болғалы жатыр. Таяуда ұйым пленумы өтті. Бір-бірін іш мылтықпен атып жүрген қаламгерлер біраз шерін тарқатты. Енді 800-ге жуық мүшесі бар одақтың делегаттары наурыз айында съезге жиналмақшы. Біраз уақыттан бері қоғамдық сынға ұшыраған шығармашылық ұйымның тағдыры сол жиында шешілмек.
QAMSHY.KZ. «Алашорданың 100 жылдығына арналған «Тар заман» телехикаясы 22 ақпаннан бастап кинотеатрларда» - Алашорданың 100 жылдығына арналған «Тар заман» телехикаясы 22 ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі, деп жазады Qamshy.kz тілшісі. Телехикая Қазақстан РТРК тапсырысымен түсірілген. Саундтрегін жазған Ұшқын Жамалбек.
«Екпенің пайдасы мен зияны» - Кейбір ата-аналар баласына екпе салдырудан бас тартып жатады. Бірі екпенің сапасына күмәнмен қараса, екіншісі «вакцина бала денсаулығына кесірін тигізеді» дейді. Діни сеніміне байланысты қарсы болатындар – өз алдына бір төбе. Жас нәрестелерге салынатын вакциналар қайда өндіріледі? Екпеден бас тартудың соңы неге әкеп соғады? Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы мәселелерге байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдаған еді.
«Қазақстандағы туу мен өлу көрсеткіші» - Қазақстан халқы 18 миллионннан асты. Жақында елдегі жан санын 20 миллионға жеткізу жоспарда бар. Ол үшін арнайы мемлекеттік жоспар құрылды.
ABAI.KZ. «Даниял Ахметов неге өтірік айтты?» - Қазір Шығыс Қазақстанда Голливудтың қартайған жұлдыздары қонақта жүр. Марк Дакаскос, Бай Лин, Кэрри Тагава, Эрик Робертс, Майкл Мэдсон – осы бестік. Шамасы, эскорт компанияларға біреуін шақырғаннан гөрі, бесеуін әкелген арзан-ау – «оптом дешевле».
«Қазақстан экономикасы монополизмге қайта оралды ма?» - Өткен жолы, Парламенттегі «Ақжол» партиясының фракциясы өте өзекті мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдады. Ол былай: бүгінде Үкіметтің мойнына мінгесіп отырған саны бар, сапасы жоқ шенеуніктерді мейлінше қысқарту мәселесі. Әсіресе, кейбір қызметі мен құзыреті жеке компанияларға берілген министрліктегі атқамінерлерді мемлекет қазынасынан асырағанды азайту керек депті. Жөн-ақ. Сөйтсек, мүйізі қарағайдай ведомствалардың бірқатар өкілеттігі жеке мекемелерге берілсе де, әлгілер бюджеттің мойнында отырған көрінеді. Осыған орай біз Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мырзамен сөйлесіп, осы мәселенің жай-жапсарын сұрап білдік.
«Кешір бізді, Мұқағали!» - «Қарасазға Мұқағалиды берген Құдайдан айналайын. Ел-жұрты құрметтеп, аспандатып жатыр. Несін жасырайық, кезінде еркелігін көтере алмай, қатты сөз айтқан кезіміз де болды. Ол үшін аруағынан кешірім сұраймын», - деп Күлімхан апай ойындағы әңгімесін ақтарды.
«Біздің спортшылар Олимпиадаға қазы жеп, сорпа сораптау үшін бара ма?» - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылғанына біраз уақыттың жүзі болды. Әзірше шығысқазақстандық фристайлшымыз Юлия Галышевадан басқа спортшымыз медальге қол жеткізген жоқ. Юлия қызымыз қола медальді қанжығасына байлап, сөніп бара жатқан үмітімізді жаққандай болды. Ал қалған спортшылармыз қара үзіп, үздіктердің қатарына қосылған жоқ.
TURKYSTAN.KZ. «Коллекторлардың басынан «бағы» тайды» - Баспана – әрбір азамат үшін ең басты қажеттіліктердің бірі. Қазір елімізде үйсіз-күйсіз жүргендер саны азайып келеді. Бұл – көңіл қуантарлық жаңалық. Баспанаға қолы жетпей жүргендердің көбі ипотекалық несие арқылы үйлі болуда. Бір қиыны, ипотека арқылы үй алған қарапайым халықтың кейбірі банк алдындағы қарызын қайтаруға қауқарсыз болып жатады.