Атырау, 24 қараша 10:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүз естігеннен, бір рет көрген абзал

3 377 просмотра

- Бұл жер таза, ал интернаттан мен кішкентай наубайханаларда нанды қалай пісіретінін көрдім, айналаның бәрі лас болатын...  Зауытта өте ыстық... Батонды кептірілген нан етіп қалай кесектеп турайтынын көрдіңдер ме? Машина деп осыны айт! – деп өз әсерлерімен бөлісті «Заман групп» ЖШС-нің нан-бөлке өнімдерін жасайтын зауытында болған балалар. Рас, мұның бәрін балалардың қасында тұрған Исатай есімді азамат әңгімелеп берді. Ол ым-ишарат тілін түсінеді. Ал мен бақылап тұрдым: балалар ыммен жапа-тармағай бір-бірінің сөзін бөліп, түсіндіріп жатты. Маған қарашы деп, қайта-қайта Исатайдың иығынан тартқылап қояды. Әйтпесе ол бұларды ести алмайды.

ИНТЕРНАТТАН КЕЙІНГІ ӨМІР

Бұл балалардың өндіріске алғаш аяқ басуы емес. Олар саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кешенінде болып, тігіншілердің қалай жұмыс істейтінін, жиһаз бен пластик терезелерді қалай жасайтынын көрді. Кіші Өнер академиясында оларға Омар МАХАМБЕТТІҢ атаулы сыныбы бар екендігі, ол жерде ағашпен жұмыс жасайтындығы үлкен әсер қалдырды. Сол жерде олар киімнің қалай дайындалатынын - қағазға нобайын түсіргеннен бастап, дайын көйлек тіккенге дейін процесті көрді. Бұлар «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар бірлестігінің «Біз сіздерді сеземіз және естиміз» деген жобасы аясында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың балалары үшін ерте кәсіби бейімдеу сабақтары.

Жоба жыл басында іске қосылды. Балалар шейпингпен, үстел үсті теннисімен, арт-терапиямен айналысады. Мектепте 41 бала бар, олардың әрбіреуі өздерін барлық үйірмелерде байқап көргісі келеді. Ол түсінікті де, мектептен тысқары жерде бұл мүмкін емес. Мұндай балалар кәдімгі бапкер жұмыс істейтін спорт секциялары мен үйірмелеріне бармайды, өйткені олар бір-бірімен түсінісе алмайды. Алайда интернат мұғалім-деріөз түлектерінің кәсіби бейімділіктері мен жұмысқа орналасуы басты проблемалардың бірі деп есептейді. Балалар мектеп-интернатта 8-сыныпқа дейін оқиды. Ал содан кейін ше? Оларға бұл сұраққа жауап беруге осы кәсіби бейімдеу сабақтары қол ұшын беруі тиіс екен.

 

НАН АЛМАТЫДАН ӘКЕЛІНБЕЙДІ

- Ал мен нан мен басқа нәрселер Алматыдан әкелінеді екен деп ойладым, -дейді Нұржан БАҒЫТОВ. Ешкім де оның аңғалдығына таң қалған жоқ. Ал тәрбиешілері маған түсіндіре бастады: ересектер балаларды өз ауласынан басқа жерге біреу еріп жүрмесе, жіберуге қорқады екен. Теледидарда нашар еститіндерге арналған арнайы арна жоқ, ал білгіш Интернет бәрінде бірдей бола қоймайды. Сондықтан балалардың қоршаған дүние туралы танымдары шектеулі. Ал мамандықтар туралы түсініктері мүлдем таяз. Мұндай өндіріске аяқ басу олар үшін өте маңызды.

Балаларға еріктілер мен тәрбиешілері ақ халат кигізіп, цехтарды аралатты. Өндіріс менеджері Гүлжан КУДАРОВА өнімдердің қалай сақталатындығын, барлық ингредиенттер мен дайын өнімнің сапасы қалай тексерілетінін әңгімелеп берді. Ал балалар бұл уақытта тек бастарын шайқап үлгерді. Олар бәрін көздерімен көріп, бойларына сіңіргісі келді. Жұмысшылар қамырды порцияға бөлетін арнайы аппаратқа салды. Бөлке боп кесілген қамыр контейнермен айналып, пешке «өзі түсті». Іш өте ыстық болатын. Бұл жерде нанды 220-230 градус температурада пісіреді.  Пештер тәулік бойына жұмыс істейді.

- Қорқынышты. Мен бұл жерде жұмыс істей алмас едім. Күйіп қалуға болады екен, - деген Алтынай МАҚСОТОВАНЫҢ сөзін бет қимылы мен эмоциялық ишараты өте айқын болғаны сондай, бірден-ақ түсіндім.

Ал Ғалымжан ХАЛЕЛОВТІҢ өз пікірі бар. Кез-келген ер бала секілді ол техникаға әуес екен.

- Барлығы автоматтанған, машиналар робот секілді. Маған ұнайды!

Ғалымжанның кішкентай екендігі сондай, оны 5-сыныпта оқиды дегенге сену қиын. Есесіне пысық, үстел үсті теннисін меңгеріп алған. Интернаттағы үздік ойыншы. 

 

ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҮЗ СҰРАҚ

Әйтеуір салқын орын-жайға да жеттік-ау. Бұл жерде зертхана орналасқан. Балалар сұрақтарын қоя бастады. Оларды бәрі де қызықтырады: шикізат пен өнімді не үшін үнемі тексере береді, мұны кім және қалай жасайды; кәсіпорындағы жұмыс режимі қандай, жұмысшылар қанша алады; неліктен кейбір цехтарда өте ыстық, бірақ кондиционер пайдалануға тыйым салынған деген сұрақтар жаудырды.

- Егер ұн картоп ауруын жұқтырған болса, одан жақсы нан піспейді, сондықтан мұқият тексереміз. Тәулік бойына өндіріледі, адамдартөрт ауысыммен жұмыс істейді, жалақы 25 мың теңгеденбастап. Қамыр басылып қалмас үшін температураны төмендетуге болмайды, – деп өндірістің егжей-тегжейін түсіндірді Гүлжан Кударова.

- Қалай, осы жерде жұмыс істегілерің келе ме? – деп сұрадым мен балалардан экскурсиядан кейін. Олар ойланып қалды. Енді олар дастарханға нанның қайдан келетінін білді. Демек, сабақтың мақсаты орындалды деген сөз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

16 мамыр 2012, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.