Атырау, 19 желтоқсан 07:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Оқиғалар тізбегі

2 286 рет қаралды


Атырау вокзалында полиция қала тұрғынын тінту кезінде рұқсат құжаты жоқ электрлік шокерді тапты. Электрлік қару тәркіленіп, құқық бұзушыға 33 670 теңге айыппұл салынды.

*****

Атырау қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы («Жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша Ливан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 2017 жылдың қарашасында ливандықтың қала базарларының бірінен 2 келі қара уылдырық сатып алғаны, содан кейін оны халықаралық рейс арқылы Стамбулға өткізуге тырысқан анықталды. Бірақ заңсыз жүкті әуежай қызметкерлері тексеру барысында анықтады. Сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 134 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметі.

Фархад ӘБІЛОВ

15 ақпан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.