«Атырау облысы Құрманғазы ауданының елді мекендерін су тасқынынан қорғау үшін бөгеттер салу және қайта жаңарту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 523 млн теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР мемлекеттік сатып алулар сайтында хабарланды.
Өткен жылы Құрманғазы ауданындағы қорғаныс бөгеттерінің 28,6 км қауіпті учаскелерін жөндеуге 47 млн теңге бөлінді. Бұл жолы неліктен он есе көп? Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВТІҢ айтуынша, әңгіме ауданның қорғаныс бөгеттерінің бүкіл төсемін алдағы уақытта күрделі жөндеу туралы болып отыр. Осы мақсатта өткен жылы паспорттау және олардың жағдайына тексеру жүргізілген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ