Атырау облыстық жасөспірімдер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа 2017 жылы 514 азаматтық арыз (бала асырап алу – 116, бала асырап алуды жою – 6, алимент өндіріп алу – 68), 36 қылмыстық және 502 әкімшілік іс келіп түскен. Бұл туралы брифингте сот төрағасы Айгүл ТАШЕНОВА хабарлады.
24 қылмыстық іс бойынша 38 адам сотталды. Олардың 15-і камелет жасқа толмағандар. Сотқа 2 апелляция келіп түсті, алайда сот актілері өзгеріссіз қалды.
«АЖ» сұрағы:
- Жасөспірімдер арасында қандай құқықбұзушылықтар ең кең тараған?
- Ұрлық, тонау, басбұзарлық. Көптеген жасөспірімдер түнде қыдырады. Бұл жағдайда ата-аналары әкімшілік жазаға тартылады.
№2 Атырау қалалық сотының төрағасы Мирамбек НАҒАШЫБАЕВ:
- Біз тек қылмыстық істерді қараймыз. Өткен жылы 1446 іс түсіп, 222 сотталушы бостандығынан аырылды, 54-і шартты жаза алса, 52-сі қоңвмдық жұмысқа тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 18 қылмыстық іс қаралып, олардың 10-ы бойынша жалпы сомасы 26 миллион теңге айыппұл өндірілді. 8 іс бойынша түрлі жазалар тағайындалды.
«АЖ» сұрағы:
- Жеңілдетілген тәртіпте істі қарау қалай жүреді?
- Егер күдікті кінәсін толықтай мойындап, келтірілген шығынды өтеуге келіссе, іс жеңілдетілген тәртіппен жүреді. Мұндай жағдайда сот шешімі 10 күн ішінде шығады.
Фархат ӘБІЛОВ
Сурет пен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ